13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің ХХXV мәжілісіне қатысты.
Басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Дархан Қуандықұлына Ғұламалар кеңесінің жұмысы жайлы баяндады.

Министр бүгінгі таңда мүфтият қоғамда беделді, ықпалды, іргелі құрылымға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар Діни басқарма халықты бірлік пен игілікке үндеуде үлкен іс-шаралар атқарып келе жатқанын тілге тиек етті.

Дархан Қыдырәлі өз сөзінде жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, білімді, тәжірибелі діни мамандарды даярлау, медресе-колледждердің оқу бағдарламасын, техникалық базасын жетілдіру, шәкірттерге шешендік өнерді, дін психологиясын үйрету, ақпараттық бағыттағы жұмыстарды жандандыру т.б. мәселелерге назар аударды.

Айта кетсек, Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде «Зейнетақы қоры жинағынан зекет беру үкімі», «Мәйіттің денесін тілудің үкімі», «Сюцайдың шариғи үкімі», «Дәрігердің нұсқауынсыз трамадолды қолданудың үкімі», «Қан донорлығының үкімі» т.б. пәтуалардың мәтіні талқыланды.
Басқосуда бұдан бөлек «Ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы ҚМДБ рөлі», «Бабалар ізімен: Қазақстандағы мұсылмандық мектеп», «Ислам энциклопедиясы» еңбектері мен құжаттардың мазмұны қаралды.

Аллдағы уақытта ғұламалар кеңесі Алматы шаһарында өтпкек. Наурызбай қажы Тағанұлы Ғұламалар кеңесінің осы уақытқа дейін атқарған жұмысына оң баға берді. «Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келеді. Соның нәтижесінде былтыр «Пәтуалар жинағының» үшінші томын жарыққа шығардық. Сонымен қоса ғылыми жобаларды қолға алдық. Осы орайда еңбек етіп, атсалысқан баршаңызға тағы да Алла разы болсын деп шынайы алғысымды білдіремін» деді Бас мүфти. Екі күнге жалғасатын мәжілісте «Әскери борышты өтеудің үкімі», «Қауесет таратудың үкімі», «Мемлекет және жеке тұлғаның мүлкіне қол сұғудың үкімі» т.б тақырыптар талқыланып, пәтуа беріледі. Сондай-ақ «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптардың тұсауы кесілмек.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТАҒЫ БІР СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Next Post

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ТҮРКІСТАН ЖҰРТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі