13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТІП ЖАТЫР

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТІП ЖАТЫР
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 Түлкібас ауданында «Балалар жылына» орай Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының кубогына арналған жарыс басталды. Тоғызқұмалақтың рапид түрінен жасөспірімдер арасындағы облыстың ашық турниріне көршілес Қырғыз елінің үш облысымен қатар, еліміздің 6 өңірінен және өңіріміздің 11 ауданынан 200-ден астам спортшы қатысуда.

Тоғыз құмалақ қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойыны болғанымен, оны қырғыздар да, қарақалпақтар да, алтайлықтар да ойнайды. Алайда қазақтың тоғыз құмалақ ойыны тіпті кемелденген және дамыған.

Тоғызқұмалақ ойыны қазақ таласында кең таралған. Өйткені Қазақстанның бірнеше облыстарынан табылған археологиялық қазбалар осы ойға жетелейді. Тым әріге бармай, ХІХ ғасырдан бері қарай айтар болсақ, бұл ойынды қазақтың кемеңгері, ұлы ақыны Абай Құнанбаев сүйіп ойнаған. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы ақынның мұражайында Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы сақтаулы тұр. Кезінде бұл ойынға Ш.Уәлиханов, Қ.Қуанышбаев, С.Аманжолов, М.Әуезов және Б.Момышұлы сынды Алаштың ардақты азаматтары қызығушылық танытып, қолдау білдірген. Қазақ спорт журналистикасының атасы әрі ұстазы Сейдахмет Бердіқұлов та кезінде ұлттық өнерді насихаттап, мақтан тұтқан.

Ұлттық ойынымыздың атауы «тоғызқұмалақ» — біріккен сөз. Алғашқы сыңары – сан есім де, кейінгісі зат есім. Құмалақ неге жеті, сегіз, он бір, он үш емес? Рас, тоғыз саны ежелгі түркілерде көптік мағынаға ие әрі қасиетті сан. «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық», «Тоғыз інген боталап, тоғыз інген құлындап» деген сөз тіркестердің бәрінде тоғыз саны көптік мағынаны білдіріп тұр. Тоғыз-шексіздікті бейнелейтін сан.

Тоғызқұмалақ арнайы тақта арқалы ойналады. Әрі ақыл-ойды дамытатын, адамның қабілетін арттырып ми қызметін жетілдіретін зияткерлік ойын. Алғашқы кезде үш отау, бес отаулық шағын үлгілері болған болса, бүгіндері жетілген тоғыз отаулық классикалық ережелі спорттық ойын қатарына енгізілді. Тек ойын ғана емес оның танымдық әрі тағылымдық тұрғыда да, сондай-ақ спорт, өнер, ғылым ретінде де маңызы зор.
Спорттық шараның ашылу салтанатында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт және Түркістан облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрғали Мылтықбаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Кемербастау ауылдық округіне қарасты Асанбай Асқаров мектебінде өтіп жатқан жарыс жалпы екі күнге созылады. Турнир нәтижиесімен үздік атанған спортшылар арнайы марапатталады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЕЛІМ ДЕГЕН ЕР АСАНБАЙ» ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТАҒЫ БІР СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі