13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттіген кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штабы үгіт-насихат жұмыстарын күнделікті қызу түрде жүргізіп келеді.

Бүгін Кентау қалалық қоғамдық штабтың мүшелері Р.Жұмабаева, Б.Дәрібаева, А.Утепбаева, Қ.Бақберген, Т.Омаров білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Ұстаздарды кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, атқарылатын жұмыстарды кең көлемде түсіндірді.

Үгіт-насихат жұмыстары Созақ ауданында да өтті. Онда облыстық қоғамдық штабының мүшесі Мәлік Дәулетовтың Жартытөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Мәлік Жұмаханұлы ауыл тұрғындарына Қ.К.Тоқаевтың президенттікке үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріп, ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Төлебилік сенімді өкілдер Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті.

Штаб мүшелері еңбек адамдарына еліміздің алдағы 7 жылдағы дамуының жалпы жоспары жайлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдарын жеткізді. Кездесу барысында сайлаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Ал, соңында штаб мүшелері ұжым жұмысшыларын сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Еске салайық, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді. Сайлауға қатысу әрбір азаматтың парызы. 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Әділетті Қазақстан құру жолында кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа сенім мандаты қажет екенін атап өтті. Сонымен қоса өкілеттілігінің мерзімі жайлы да ұсыныс білдірді. Бұдан былай Қазақстан Республикасының президенті бір мерзімге ғана – 7 жылға сайланады. Яғни жеті жылдан кейін президент болған адам қайтадан сайлауға қатыса алмайды.

Previous Post

Түркістан облысында Республика күніне орай "Қоқыссыз табиғат" экоакциясы өтті

Next Post

«AMANAT»: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ПАРТИЯЛЫҚ НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі