13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай «Қоқыссыз табиғат» экоакциясы өтті

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында Республика күніне орай «Қоқыссыз табиғат» экоакциясы өтті
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз табиғат» жалпыұлттық акциясы және 25 қазан — Республика күніне орай Түркістан облысында экологиялық сенбілік өтті.
Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру.

Маңызды мемлекеттік мереке қарсаңында өңірдегі мыңдаған азамат қолдарына қажетті құрал-саймандарын ұстап сенбілікке шықты. Тазалық шарасына облыстағы аудан, қалалар мен ауыл округтеріндегі мекеме ұжымдары, белсенді жастар мен еріктілер жұмыла атсалысты. Сенбілікке қатысушылар туристік аймақтарды және көшелер мен саябақтарды, арық-атыздарды қоқыстан тазартып, арнайы орынға шығарды.

Ауқымды акцияға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері де белсене атсалысты. Орталықтың басшысы Ерасыл Төлебаевтың айтуынша, бүгінгі акцияға өңірдегі үш мыңнан аса ерікті жас қатысқан.

– Тазалықтан тән де, жан да тазарады. Өңірімізде туған жердің тазалығына бейжай қарамайтын азаматтардың қатары артып келе жатқаны қуантады. Экологиялық акция барысында жастар туристік нысандарға барар жолдар мен саябақтарға санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы, Түркістан облысының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында игілікті істер жүзеге асуда. Мәселен, облыс орталығында 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, бүгінгі таңда барлығы 13 629 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде. Тазалық — адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің маңызды көрсеткішінің бірі екенін ескерсек, сенбілікте ғана емес, әр күні айналымызды таза ұстауға атсалысайық, — дейді ол.
Сенбіліктің арқасында облыс аумағы тазарып, көшелері көріктеніп, ажарлана түсті. Аталған акция өңірде алдағы уақытта да жалғасады.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының 2 млрд. әр түрлі ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша 5 жылда 132 мың гектар жерге 210 млн.-нан аса ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарылуда.

Previous Post

Школьники из Шымкента покорили жюри на Всемирной олимпиаде по робототехнике

Next Post

Түркістан облысында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі