13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«AMANAT»: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ПАРТИЯЛЫҚ НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
«AMANAT»: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ПАРТИЯЛЫҚ НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, Түркістан облысындағы бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өткен салтанатты шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты.

Мереке қарсаңында марапатталған азаматтардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер, спорт саласының мамандары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, партияның аумақтық филиалдарының Атқарушы хатшылары, партия қызметкерлері және түрлі сала өкілдері бар. Жалпы 40 адам партиялық төсбелгілер мен арнайы грамотаға ие болды. Қоғамдық-саяси жұмыстарда қажырлы қызмет атқарып, еңбектері еленген азаматтарды Бейсен Дәулетұлы құттықтап, марапаттарды табыстады.

— Республика күні – айтулы даталардың бірі. Дәл осы күні еліміздің Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған. Бұл шешімге сәйкес егемендігімізді мәлім ететін жеке территориямыз бен азаматтығымыз, мемлекеттік бюджетіміз бен халықаралық қатынастардағы дербестігіміз және мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Жақында Ел Президентінің Жарлығымен бұл күн ұлттық мереке мәртебесіне ие болып, қайта жаңғырды. Осынау мерекелі күн сәтінде сый-құрметке ие болған жандарды шын жүректен құттықтаймын. «AMANAT» партиясы өз кәсібінің білікті мамандарын, еліміздің өркендеуіне, қарыштап дамуына үлес қосқан азаматтарын елеусіз қалдырған емес. Өз салаларыңыздың үздігі атануларыңызға тілектеспін!, – деді Атқарушы хатшы.

Жиын барысында “Белсенді қызметі үшін” партиялық төсбелгісімен марапатталған Төлеби ауданы, “Қаратөбе” мектебінің директоры Елшібек Табылдиев сөз сөйледі. Ол партияның қарапайым мұғалімдерге ерекше назар аударып, марапаттау бастамасы орынды деп ойлайтынын жеткізді.

— Қарапайым мұғалімнен, ауылдағы спорт жаттықтырушыларына дейін, олардың отанымыздың дамуына қосып жатқан үлесін ескергендеріңізді құптаймын. Өйткені, біз елдің арасында қызмет етеміз. Сіздердің де мақсаттарыңыз айқын. Еңбек адамдарын көрсетіп, насихаттау және қолдау арқылы саяси ұйым жаңаша бағытта жұмыс істеп жатыр. Жақында ғана «AMANAT» партиясының Съезіне қатыстық. Көшбасшы партия екенін көрсетті. Дұрыс шешімдер қабылдады. Беделі артатынына сенемін, — деді Елшібек Өкімбекұлы.

 

Previous Post

Түркістан облысында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Next Post

Түркістандық Ассамблея жастары Ұлытауда өткен «Достық кубогында» топ жарды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі