Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№69 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірқатар ұлағатты ұстаздары Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, Түркістан облысының жалпы білім беретін мектептердің ұстаздарына арналған облыстық тәжірибелік семинарына қатысты.Мәжіліс залындағы отырыстан соң ұстаздар әр секцияға бөлініп, Зияткерлік мектептің пән мұғалімдерінің шеберлік сыныптарына қатысты.Облыс ұстаздары тәжірибелік семинарда Түркістан NIS-тің мұғалімдері дайындаған шағын оқыту мен шеберлік сыныптарға қатысты. Әр әдістемелік берлестік өз пәндері бойынша белгіленген тақырыптарда шеберлік сағаттарын өткізді.
Семинардың барысы қатысушыларды тіркеуден өткізгеннен кейін мектептің мәжіліс залындағы отырысқа жалғасты. Жиында мектеп директоры Балқан Маратұлы алғысөз сөйлеп, семинарға келген барлық педагогтарға бір күн бойы шеберлік сыныптарға қатысуда тиімді білім аласыздар деген сенім білдірді.
Мәжіліс залында басқосу барысы Зияткерлік мектеп ұстаздары дайындаған оқу процесіне қажетті шағын оқытумен жалғасын тапты. Тарих пәнінің мұғалімі Бақытжан Дүкенбай «Құндылық пен құрал» тақырыбында бала бойына құндылықтарды дәріптеуде түрлі жағдаяттарды мысалға ала отырып, ұлттық құндылықтардың оқушы бойындағы дағдыларды дамытуда айтарлықтай орын алатынын жеткізді.
Ал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлзада Жанжігітова «Жобаға негізделген оқыту» (PBL) тақырында белсенді оқыту деген не, оқушының белгілі бір ақпаратты қабылдаудағы деңгейлері, PBL-ды сабақ процесінде қолданудың тиімділігі жайында сөз қозғады.
Семинар мақсаты: өңір мектептерінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасу, оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыт-бағдар ұсыну.
Жалпы саны 115 мұғалімді құраған, өңір ұстаздары бас қосқан тәжірибелік семинарда Түркістан NIS-тің ұстаздары дайындаған шағын оқыту мен шеберлік сыныптарға қатысты. Әр әдістемелік бірлестік өз пәндері бойынша белгіленген тақырыптарда өткізілген шеберлік сағаттарына қатысып, тереңдетіп оқуда өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
Тәжірибе тарату алаңында ұстаздарымыз мектеп ұстанымы мен құндылықтары, мінсіз мұғалім критерийлері, оқу процесіндегі эмоционалды күйлер, кәсіби даму, академиялық орта құру, жобалар мен үйірмелерді оқушыға бейімдеу тақырыптарында өз әдіс-тәсілдері мен ойларын ортаға сала отырып, Түркістан NIS-тің мұғалімдерінен оқу процесіне қажетті маңызды әрі пайдалы ақпараттар мен ресурстар ала білді.