13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИДЕ СЛЕСАРЬ-ЖӨНДЕУШІ – «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИДЕ СЛЕСАРЬ-ЖӨНДЕУШІ – «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне коммуналдық сала қызметкерлері айтарлықтай үлес қосып келеді. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігін біліп, келеңсіз жағдай орын алса, жылдам іске кірісетін коммуналдық саланың жауапкершілігі мол.

Аталған салада қызметін абыроймен атқарып келе жатқан азаматтардың бірі – Қоныс Тілемисов. Ол 1982 жылы Ленгір қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы арнаулы орта білім беретін оқу орнын аяқтаған соң «Төлеби көп салалы коммуналдық кәсіпорнында слесарь-жөндеуші болып бастайды. Қазіргі таңда «Жарық жолдар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің слесарь-жөндеушісі болып жұмыс істейді.

Қоныс Қалмасұлы алдына мақсат қоя алатын, өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман. Саладағы жұмыс өтілі — 23 жыл. Ол жұмыс істеген уақыты ішінде тәртібіне байланысты ешқандай сөгіс алмаған. Айта кетейік, оның ұзақ жылғы жемісті еңбегі бағаланып биыл III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері атанды.

Президент өз жолдауында, бүгінгі күні еңбек адамын «моральдық ынталандырудың» әлеуметтік-құндылықтық мәртебесі әлсірегенге ұқсайды, оның орнын «материалдық ынталандыру» басымдық танытуда. Осы мәселе ойландыруы керек. Егер бүгінде 1 наурыз – әлеуметтік ортада Алғыс айту күні дейтін болсақ, онда моральдық ынталандырудың әлеуметтік мәртебесін көтеру шараларын қолға алу керек болар. Еңбек нарығы парадигмасы. «Қазақстан – әлеуметтік мемлекет», – дейді Президент. Демек, ел, халық, Отан үшін еңбек ету басты рухани құндылыққа айналуы тиіс. Осы ретте ұлттық идеологияның болуы маңызды. Ол халықты адал еңбекке ұйыстырушы фактор болмақ. Сондықтан «қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі» болатыны анық. Қорыта айтқанда, бұл жолдау халықтық іс деуге негіз бар.

Previous Post

САРЫАҒАШ: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі