13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР

1 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР
Share on FacebookShare on Twitter

Сайлау – саяси науқан. Жарқын болашақтан үміттенетін кез келген адамның сайлауға барып, таңдауын жасауы – маңызды. Бұл ретте, азаматтар өздерінің белсенділіктерін көрсетсе екен деп ойлаймын. Әсіресе, ел келешегі – жастар бұл үрдістен тыс қалмауы тиіс.

Бұл сайлау еліміздің болашағы үшін маңызды және көпшіліктің дауысымен шешілетін мәселе. Осындай кезеңде бізге елдің қамын ойлайтын нағыз көшбасшы қажет. Өйткені халық қашанда әділ сайлау мен әділетті сенімді жақтайтынын білеміз.

20 қарашада өткелі отырған кезектен тыс Президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну 11 қазанда аяқталған болатын.

Бүгінде үміткер ретінде 6 кандидат белгіленгені бәрімізге аян. Бұл кандидаттардың штаб кеңселері құрылып, қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бірнеше күн бұрын ғана үгіт-насихат жұмыстары басталып, кандидаттардың үгіт-насихат материалдары жарнамалық конструкцияларға ілініп жатыр.

Президент сайлауына ұсынылған кандидаттар үшін жаңа мүмкіндік туып отыр. Еліміздің кез келген азаматы ел ертеңі үшін алаңдайтыны анық. Ел басқаруға ұсынылып отырған кандидаттар ел өмірінің ертеңіне үлкен жауапкершілікпен қарайды деп сенемін.

Ұлттық руханияттың кеңістігінде жүрген әрбір зиялы қауым өкілі осы мұрат жолында елдің бірлігі мен тұтастығына жауап береді деген пікірдемін.

Кезектен тыс Президент сайлауы Қазақстанның жаңа жолын, келер күндерін нұрлы белеске алып шықпақ. Тарихи сәтті, таңдаулы кезеңді үлкен үмітпен күтіп, осы жолда азаматтық міндетімді орындаймын. Бұл сайлау әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейді.

Ердәулет САРЫБАЙ,
Армрестлингтен 8 дүркін әлем чемпионы

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫН САЙЛАДЫ

Next Post

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі