13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫН САЙЛАДЫ

1 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫН САЙЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен кеңес төрағасы болып «Bokei» ЖШС-нің құрылтайшысы Әбішов Нұралы Әлмаханұлы сайланды.

Нұралы Әлмаханұлы 1967 жылы дүниеге келген. 2000 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Электр байланыстары инженері» мамандығын бітірген.

Кәсіби еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, бірнеше мекемеде тәжірибеден өткен. Ал 1998 жылдан бері жеке кәсіппен айналысуды қолға алды. Одан кейін әр жылдары «Батсу» корпорациясының директоры, «Батсу-Строй» ЖШС, «Комби-Строй-1» ЖШС директоры лауазымдарында жұмыс істеген. 2016 жылы «Бөрте Милка» ЖШС-ін құрып, қазіргі таңда «Bokei» ЖШС мекемесінің құрылтайшысы әрі жетекшісі қызметін абыройлы атқарып келеді.

Нұралы Әбішов кәсіппен қатар соңғы 15 жылда қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысуда. Саладағы еңбегі үшін 2010 жылы «Құрмет» орденімен, 2018 жылы «Парасат» орденімен, бірнеше рет «Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясымен, және түрлі жоғары деңгейдегі медальдармен, президенттің, облыс, қала басшыларының және өзге де ұйымдардың Құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталған. Мақтарал және Ордабасы аудандарының құрметті азаматы. Түркістан облысы мәслихатының төрт шақырылым депутаты. Отбасылы, 4 баласы бар.

 

Previous Post

ҚАНДАСТАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

Next Post

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі