13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен өткен отырыста Кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері және мемлекеттік органдар басшылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көзделген бірқатар проблемалық мәселелерді қарады.

Автожолдар салуға, қала бюджетін игеруге және сервистік полиция жұмысына байланысты әкімдік пен полицияның бейінді басқармалары басшыларының есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу арқылы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

«Агенттіктің тапсырмасы бойынша Департамент жұмысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы шеңберінде бағытталған. 9 айда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 3 сыртқы талдау және 9 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Бүгінгі таңда орындалған ұсынымдардың үлесі 85% және одан жоғары деңгейді құрайды» — деп атап өтті қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Басқарма орынбасары Ғ.Өсербай.

Спикердің айтуынша, әкімдік пен оның мекемелерінің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дербес анықтау және жою №4 ҮББ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тетігі арқылы жүргізілуде.

Аталған жоба аясындағы нәтижелермен қатар жұмыстағы кемшіліктер де атап өтілді.

«Жыл басында 22 бейінді басқарма мен әкімдікте ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша бірде-бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтамаған. Тек №4 ҮББ қызметкерлерінің араласуынан кейін аталған ұйымдарда қайта талдау жүргізіліп, 150-ден астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды» — деп атап өтті Ғалымжан Өсербай.

Талдаудың сапасын күшейту мәселелерімен қатар, Департаменттің білім беру, денсаулық сақтау, жер қатынастары салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сондай-ақ полицияның сервистік моделінің жұмысы бойынша ұсыныстары жеткізілді.

Одан бөлек, өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Previous Post

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР

Next Post

Нұрлан Әуесбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі