13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты акция іс-шарасы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, әскер қатарына жіберілетін азаматтарға Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып келулеріне тілегін білдіріп, естелік ретінде жазушы Бағдат Қалаубайдың кітабын тарту етті.

Аталған іс-шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев іс-шараның маңыздылығына тоқталып, сарбаздарға сәттілік тіледі. Қорғаныс саласының дамуына үлес қосып отырған бірқатар үздіктерге департамент бастығының алғыс хатын табыс етті. Бәйдібек аудандық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Нұржан Шүкірбеков те отаншылдық туралы ой қозғады.

Әскерге шақырылғандар атынан сөз алған Ғаламат Ғалымұлы Отан қорғау әрбір ер азаматтың міндеті екенін айтып, әскерде жақсы қызмет етіп, елді қорғау жолында құрдастарын әскерге баруға шақырды.
Іс-шарада М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары қаруды жылдам шашып, қайта құрау бойынша шеберліктерін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай ұйымдыстарылған «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерді шырқады.

Осыған дейін дәл осындай патриоттық акция Созақ ауданында өткен еді. Ауданда азаматтарды мерзімді әскерге шақыру жұмыстарын жыл сайын берілген тапсырыстан асырып орындайтын отансүйгіштер мекені екенін атап өту қажет. Биылғы күзгі әскерге шақыру науқаның өзінде ауданнан 20-ға жуық жігіт ҰҚК Шекара қызметіне аттанса, алдағы уақытта тағы 100-ге жуығы Қарулы күштер мен Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің қатарын толықтырмақ. Сондай-ақ, Созақтағы Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінің «Жас сарбаз» сыныбы 2021 жылы өткен «Айбын» республикалық жастар жиынында 57 команданың ішінде үздік ондыққа еніп, Түркістан облысының намысын қорғаған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ САЙЛАУ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі