13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізді.
Сессия жұмысында келер жылдың облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы өзгерістер енгізу, Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы және басқа бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Сессияда бюджет мәселесі бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек баяндама жасады. Сондай-ақ, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерге келісім беріліп, бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Өз кезегінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды сессия жұмысын қорытындылай отырып, мәслихат жұмысына табыстар тіледі.
— Бүгін біраз әлеуметтік-экономикалық бағыттағы мәселелер қаралды. Олардың барлығы облымысыздың дамуына оң өзгеріс әкеледі, деп сенеміз. Облысқа түсетін пайданың балансын өзгертуге күш салынады. Облыс 90 пайызға республикалық трасфертке тәуелді. Оның өзінде оның жартысы қысқарды. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз табыс көзін көбейту керекпіз. Сонда ғана экономикадағы тұрақтылық күшейеді. Халықтың өмір сүру деңгейі артады. Сіздерді де осы бағыттағы жұмыстарға атсалысуға шақырамын. Бірер күннен соң елімізде елеулі оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткелі жатыр. Еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымызды жасап, белсенді қатысуға шақырамын,-деді Дархан Сатыбалды.
Previous Post

ТҮРКІСТАН: «АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА «ЖАСТАР» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі