Аудан прокуроры К.Нәрікбаевтің төрағалығымен аудан аумағындағы сауда дүкендерінің иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі — ӘМАТ) бағалары бойынша мәселелерге қатысты мәжіліс өтті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, «АТАМЕКЕН» ҰКП Ордабасы ауданы филиал директоры С.Бердимуратов, аудандық статистика басқармасының басшысы М.Шамшидинова, аудандық кірістер басқармасының қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, аудан кәсіпкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілісте аудан аумағында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 29.04.2022ж. аудан әкімінің №18 өкімімен жұмысшы топ құрылғандығы және ӘМАТ тауарларының 19 түріне мониторинг жүргізіліп, бағаны негізсіз көтермеу бойынша түсіндірілді.
Жалпы аудан аумағында 455 сауда орны бар, оның ішінде 388 азық-түлік дүкендері, 5 базар, оның ішінде 2 аралас заттар базары, 3 мал базары.
ӘМАТ бағаларының негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында жалпы жергілікті тауар өндірушілер мен 17 сауда орындары (15 сауда дүкендерімен және 2 аралас заттар базарымен) арасында екі жақты ынтымақтастық меморандумы түзілген.
Аудан кәсіпкерелеріне сауда саясаты жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ретсіз сауданы болдырмау, өзге де заңдылықты бұзушылықтың орын алуына жол бермеу мақсатында бірлесіп жұмыс жүргізу келісілді.
Айта кетсек, Ордабасы ауданы экономикасының дамуындағы шағын және орта бизнестің үлесі 35 % құрайды. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд. 555 млн. 200 мың теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,5 пайызға тұрақтады.
Осылайша облыс көлемінде аудан, қала арасында Ордабасы ауданы көш бастап тұр. Бұл туралы аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков кәсіпкерлермен кездесуде айтты. Осы саладағы жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында өткен жиында кәсіпкерлікте кездесетін түйткілді мәселелер жайы қаралды.
Өнеркәсіп саласында жүйе құраушы локомативті жобалар олар «Ордабасы-нан» ЖШС, «Ордабасы құс», «Инфрастрой ЛТД», «Батсу водоканал», «Агро-V», «Сейтбек әулеті», «Шұбар асыл тұқым кешені», «Оңтүстік қыш» және «Строй-юг групп» ЖШС-рі болып келеді.