13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛҒАСТЫ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛҒАСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Халықтық коалиция өкілдері Қазығұрт тұрғындарымен кездесті. ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев, штаб төрағасының орынбасары Қайрат Балабиев, сенімді өкілдер Нұржан Әшіров, Гүлбахира Тәжібаева, Алтынсары Үмбеталиев және Есімхан Исақұлов Жаңабазар ауылының тұрғындарымен кездесті.

Сайлаушылармен кездесу барысында Б.Тәжібаев кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның саяси маңыздылығы жайлы сөз қозғады.

Қ.Балабиевтің айтуынша, алда түбегейлі саяси және экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген “Әділетті Қазақстанды” құру міндеті тұр.

— Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған бағдарламада еліміздегі салалардың барлығы қамтылған. Соның ішінде алдағы бірнеше жыл бойы ауылдарды дамытып, азаматтардың табысын арттыру, құқығын қорғау жоспарлары да бар. Осындай тарихи әрі жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді. Себебі, мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық. Мұны баршамыз бағалауымыз тиіс, — деді ол.

Ал, Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Н.Аширов тарихи жаңғыру орын алып жатқанын тілге тиек етіп, маңызды кезеңде адал қызмет ету және науқанға белсене атсалысу керектігін атап өтті.

Облыстық қоғамдық штаб төрағасы Бейсен Дәулетұлы бірлікті кандидаттың сайлауалды бағдарламасы халықтың жағдайын жақсартып, әділетті экономика құруға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік беретін реформалар жүзеге асырылатынын айтып, азаматтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды. Ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіре отырып, кандидат Қ.К.Тоқаевқа бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

 

Previous Post

Түркістан: Қазығұртта Республика күніне орай мектеп пен медициналық орталық ашылды

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ» ҒИМАРАТЫ САЛЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі