13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Қазығұртта Республика күніне орай мектеп пен медициналық орталық ашылды

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Қазығұртта Республика күніне орай мектеп пен медициналық орталық ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Республика күні қарсаңында қош қуаныш орын алды. Мерекеге тарту! Ауданда Орал Нарбаев атындағы 150 орындық бастауыш мектебі мен «Ай-Фарма» медициналық орталығы халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Әлеуметтік маңызы бар ғимараттардың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысандардың қызыл лентасын қиды. Екі нысан да кәсіпкерлердің жеке инвестициясы арқылы бой көтергенін тілге тиек ете кетейік.Бүгінде әлеуметтік салаға тартылып жатқан инвестиция көлемі де артып келеді. Бұл өз кезегінде бюджетті үнемдеп, халықтыі мәселесін шешіп, әрі кәсіпкерге пайда әкелетін жоба болып саналады.

Мерейлі мерекеге орай аудан орталығында білім ордалары мен мәдениет қызметкерлері тарапынан арнайы көрмелер қойылып, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Ел игілігі үшін жасалып жатқан игі шаралар жоғары дәрежеде өткізілді.

Айта кетсек, су жаңа мектеп заман талабына сай салынған. Енді оқушылар жаңа білім ордасында білім алуға мүмкіндік алып отып отыр.

Ал жаңа медициналық орталық заман талабына сай құрал жабдықпен қамтылған. Ауырып ем іздеген халықтың игілігіне берілген нысанның ашылу рәсіміне жиналған тұрғындар дән риза. Енді олар заманауи медициналық ұйымда ем қабылдайтын болады.

Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Арман Айдарұлы барша қазығұрттықтарды Республика күнімен құттықтап, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Мерейі үстем болған азаматтар еңбегі еленгеніне қуанышты екенін жеткізді.

Аудандық іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Өнерпаздар патриоттыққ ән шырқап, жиналғандардың көңілін көтерді. Осылайша айтулы мереке қарсаңында қазығұрттарда қуанышқа кенелді.

Previous Post

ДӘРІГЕРЛЕР Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Next Post

ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛҒАСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі