13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ» ҒИМАРАТЫ САЛЫНАДЫ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ» ҒИМАРАТЫ САЛЫНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен сәулетшілер қатысып, 17 жоба ұсынылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған арнайы көрмеге қойылған жобалармен танысып, сәулетшілер мен мүсіншілермен кездесті.

– Түркістанның әрбір нысаны талапқа сай болуы тиіс. «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты атына сай болып, құрылыс саласының соңғы технологиялары қолданылған жөн. Оған уақыт та, мүмкіндік те бар, – деген Дархан Сатыбалды жобаларды жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастырған байқаудың екінші кезеңіне іріктеуден өткен үздік жобалар жіберілетін болды.

2021 жылы, 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өткен болатын. Саммитте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салуды тапсырды. Осыған орай Түркістан облысының әкімдігі осы ашық байқауды ұйымдастырып отыр. Байқауға қатысушыларға Түркістанның тарихи келбетін сақтай отырып, жаңа нысанның тұжырымдамасын әзірлеу талабы қойылған. Түркі әлемінің орталығы ғимараты түркі тілдес елдердің бірлігі мен ынтымағын білдіретін рухани орталыққа айналуы тиіс.

Айта кетсек, Түркістан облысын дамытудың 2024 жылға дейінгі экономикалық-әлеуметтік бас жоспарына сәйкес бір жарым триллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Инвестиция тартылып, өңірдің дамуы аймаққа оң әсер етіп жатыр. Соңғы үш жылда инвестиция көлемі екі жарым есеге ұлғайып, жалпы ішкі өнім 41%-ға артқан. Осылайша Түркістан түркі әлемінің нағыз орталығына айналып келеді. Мәдени-рухани жауһары іспетті шаһар кемел шешіммен және келісті үлгімен, көркем өнегемен өркендеу үстінде.

 

Previous Post

ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛҒАСТЫ

Next Post

Түркістанға Татарстан делегациясы келді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі