13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанға Татарстан делегациясы келді

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанға Татарстан делегациясы келді
Share on FacebookShare on Twitter

Татарстан Республикасының «Сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағы төрағасының орынбасары Ахматов Марат бастаған бір топ бизнес өкілдері облыстың инвестициялық мүмкіндігімен танысу үшін Түркістанға келді.

Сапар аясында делегация Түркістан қаласында орналасқан индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері мен инвестициялық жобаларға көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктері жөнінде баяндама тыңдап, “TURKISTAN Textile” тігін фабрикасының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ татарстандық бизнес өкілдері түркістандық инвесторлармен және ауыл шаруашылығы саласындағы іскер азаматтармен кездесулер өткізді.

Еске салсақ, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына іс сапармен баған-ды. Бауырлас Татарстанның президентімен жүздесіп, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жайын талқылаған еді. Қазақ пен татар арасындағы саяси-экономикалық және рухани байланыстардың тарихы тереңде жатыр. Қазан қазаққа бөтен емес. Түркі дүниесі үшін қасиетті шаһарда талай қазақ зиялысы білім алған. Алтын қазынаға айналған жүздеген жаухар туындылар оның ішінде Абайдың бірінші кітабы да дәл осы қалада алғаш басып шығарылған. Жиырма бірінші ғасырда да бауырлас Қазақстан мен Татарстанның байланысы бекем. Былтыр екі жақты алыс-беріс 200 миллиард теңгенің шамасында болды.Көк мұнаралы әйгілі Құл-Шәриф мешіті татар жұрты үшін ерекше орынға ие. Ол тұрған жерде 16-ғасырдың ортасына дейін мешіт болып, кейін жаугершілік уақытында қираған. Жаңа мінәжат орнының ғимараты көптің қолдауымен 2005-жылы Қазан хандығы дәуірінің құрметіне бой көтерді. Биыл татар жұрты мұсылмандықты қабылдағанына 1100 жыл болуын атап өтпек. Оған Қазақстан да өз үлесін қоспақ.

Қазір екі елдің бірлескен жобалары көбейіп келеді. Мәселен Қарағанды облысында көлік дөңгелектерін шығаратын ірі зауыт құрылысы жүріп жатыр. Ал, әйгілі Камаз компаниясы Қазақстанда қосалқы бөлшектерін шығаратын бірнеше зауытты ашпақ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Татарстан арасында бауырластық әрі сенімді қарым-қатынас орнағанын атап өткен болатын.

Қазақстанда 200 мыңнан астам татар диаспорасы тұрады. Ағайын халықтар тату-тәтті тіршілік етіп отыр. Татарстанда да 2 мыңнан аса қандасымыз бар.Иә Қазақстан мен Татарстан екі жақты қарым-қатынас көкжиегін барынша кеңейтуге бейілді. Екі елдің ағайындық қарым-қатынасы экономикалық байланысты нығайтуға үлкен сеп.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ» ҒИМАРАТЫ САЛЫНАДЫ

Next Post

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен кездесу өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі