13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен кездесу өтті

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Қазығұрт аудандық штаб төрағасы, сенімді өкілдері Е.Е.Исақұлов, Б.Абуов Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында штаб мүшелері кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» -атты бағдарламасымен таныстырды.

Штаб төрағасы Е.Е.Исақұлов Кандидат Қ. К. Тоқаев Халықтық коалиция форумында демократия, заңның үстемдігі және теңдік қағидаттары орындалатын мықты мемлекет құру өз қолымызда екенін айтты. Яғни бұл мақсатқа халқымыздың бірлігі мен ауызбіршілігі арқылы қол жеткізе аламыз. Тек бірігу арқылы ғана әділ, жаңарған қоғам құруға болады. Біздің Отанымыз бір, мемлекетіміз де бір, біз біртұтас халықпыз. Тек осындай ұстаным ғана бізге жарқын болашақ құруға мүмкіндік береді. Сондықтан, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтуымыз қажет деді.

Штаб мүшесі Б.Абуов ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – Әділетті экономика екенін түсіндіріп, бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашатынын айтып өтті.

Кездесу соңында штаб мүшелері ауызбіршілік пен келісім негізінде әрекет етіп, әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Айта кетсек, 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы кандидаттыққа ұсынылған 12 адамның, алтауын талапқа сай деп тапты. Олар: Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев және Салтанат Тұрсынбекова. Бұл жолғы саяси додаға бірінші рет екі әйел кандидат қатысады. Науқанға қатысуға рұқсат алған 6 кандидат жұма күні кешкі алтыда үгіт-насихатты бастады.

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың — 227 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Онда сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектері қабылданады. Алғашқы күні тұрғындар тарапынан 100-ден астам өтініші келіп түскен. Кандидаттың 4 мың сенімді өкілі 18 қарашаға дейін қабылдау жүргізіп, сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинайды. Азаматтарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Previous Post

Түркістанға Татарстан делегациясы келді

Next Post

ЕҢБЕК АДАМЫ - ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЕҢ БАСТЫ ДА МАҢЫЗДЫ БӨЛШЕГІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі