Түркістан облысында ауыл шаруашылығының негізгі салаларын дамыту мәселелері басты назарға алынған. Бұл саланың аса маңызды екенін өңір басшысы әр жиында айтары белгілі. Сондықтан Дархан Сатыбалды барлық жұмыстар жүйелі жүргізіліп, жауапты өкілдер сөзден іске көшуі керектігін айтты. Сөзінше, облыста азық-түлік қауіпсіздігі, шаруаларды тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелері, субсидияның қолжетімділігі және егін егу науқаны қатаң бақылауға алынған. Әртараптандыру нәтижесінде егіс көлемі 844 мың гектарға жеткізілді. Өңірде қарқынды бау, сүт тауарлы ферма, құс етін өндіру, мал бордақылау кешені, өнеркәсіптік жылыжай, етті қайта өңдеу кәсіпорындары, өсімідік өнімдерін қайта өңдеу, балық шаруашылығы және ветеринариялық препараттар өндіру бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асуда.
Түркістан облысының басқа өңірлерімен ерекшелігі – күннің ыстық және жылы күндердің ұзақ болуында. Өңірде ауыл шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларға басымдық берудеміз. Су үнемдеу, тамшылатып суғару, үйіргелік жерге көкөніс егу, агроқұрылымдарды ірілендіру жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс күші де жеткілікті. 2019 жылдан бері «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» тәжирибесі кеңінен ендірілуде. Жоба арқылы шаруалардың табысы 2-3 есе ұлғайды. Биыл «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» тәсілі арқылы 133 ауылдық округтегі 8,4 мың гектар жерде 3000 жоба жүзеге асырылуда. Еліміздің өзге өңірлеріне көкөніс жеткізуге мүмкіндік мол.
Түркістан облысында жаңа піскен көкөністер басқа өңірлерге қарағанда 1,5-2 ай ерте жиналады. Биыл ерте пісетін 200 мың тонна қырыққабат облыс қажеттілігін 12 есеге артық қамтамасыз етеді. Жалпы Түркістан облысы республика халқын әлеуметтік маңызы бар ерте пісетін мезгілдік картоп, пияз, сәбізбен қамтамасыз етуге қауһарлы. Енді осы өнімдерді сату және тасымалдау жеңілдейтін болды. Себебі семинар-кеңес барысында Түркістан облысы әкімдігі мен облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдіктері арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қол қойылды. Осы арқылы шаруалардың өнімді сатудағы жұмысы жеңілдемек. Сонымен бірге бағаны тұрақтандыруға да оң әсерін тигізеді деген жоспар бар.
Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы саласы өнімділігін арттыру үшін 3 негізгі бағытты дамытуға басымдық берілген. Бірінші бағыт – жеке қосалқы үй шаруашылықтарын дамыту. Екінші бағыт – «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы арқылы былтыр 8 мыңнан астам гектарда 3 мыңға жуық жоба жүзеге асырылып, 280 мың тонна өнім жиналды. Үшінші бағыт – агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, өндіріске заманауи озық технологияларды енгізу бойынша «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру» жобасы қолға алынды. Жалпы құны 35,1 млрд. теңгені құрайтын 6 серпінді инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 11 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиясы ендіріледі. Бүгінде 3 кооператив негізінде 2,2 мың гектарға 65 дана жаңбырлатып суғару қондырғылары орнатылды. Технологияның тиімділігі: дақыл түріне қарай ағын суды 2 есе үнемдеумен қатар, өнімділікті 3 есеге дейін арттырады.