13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран ауданының әкімі ақынның ұсынысын қабыл алды

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Сауран ауданының әкімі ақынның ұсынысын қабыл алды
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылы наурыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлығымен Түркістан қаласының іргесінен жаңадан Сауран ауданы құрылған болатын. Аудан руханияының бүгінгі жай-күйі қалай, алда қандай жоспарлар бар? Осыны пысықтамақ мақсатта аудандық Мәдениет үйінде бір топ журналистер мен ақын-жазушылар бас қосып, мәслихат құрды.

Аудан әкімі Ғани Рысбаевтың қатысуымен өткен жиын еркін форматта өтті. Әкім ауданның қазіргі жүрек қағысы, даму барысы, алдағы бағыт-бағдары жайлы баяндап беріп қаламгер қауымды емен-жарқын пікір алмасуға шақырды.

Басқосуда ақын Айдар Сейдазым өңірдегі әдебиеттің ахуалын қозғады. Оның айтуынша, соңғы кездері мемлекет тарапынан әдебиетке қолдау көптеп көрсетіліп жатыр. Дегенмен өңірлерде жастарға әдебиетті насихаттау жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмей келеді.

– Таланттарды алыс ауылдардан іздеп табу керек. Дарынды, қабілетті балалар ауыл балаларына тән ұяңдықтан аттап кете алмай, көп жерде үнсіз қалып жатады. Біз бұндайға жол бермеуіміз қажет. Осы орайда аудандарда мектеп оқушыларымен әдеби кездесулерді жиі ұйымдастырып, түрлі байқаулар өткізіп тұрса, арасында жарып шығатындар болады. Байқауда оқушылар өздерін көрсетіп алға ұмтылады. Оқушылар бір-бірімен жарысқанда ғана бойларын мотивация пайда болып, нәтиже көрсетуге тырысады. Осындай ұмтылыстар болған жерде шынайы бәсеке болады. Шынайы бәсеке – жоғары сапаға алып келеді. Сапалы дүние қоғамды алға жетелейді. Сондықтан да оқушылармен тығыз жұмыс істеу аса маңызды. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» демекші, балаға қанаты қатаймаған кішкентай кезінен қолдау көрсетіп, алға жетелеу керек. Ес білгенінен ересектердің қолдауы мен демеуін, жылы сөзін естіп өскен бала болашаққа нық сеніммен қарап, қиын жағдайда өзін қолдайтын жанашырлары барын біліп өседі. Ол жанашырларын қуантуға барын салады. Сол себепті де Сауранда тек әдебиетте емес, барлық салады жетістікке жететін оқушылар шығады деп сенемін.

Қазіргі таңда еліміздің руханият жанашырлары өзекті тақырыпта роман жазатындарға «Меценат» сыйлығын тағайындап, жеңімпазға өмір бойы ай сайын 500 АҚШ долларын беріп отырады. Мемлекет тарапынан жылдан-жылға әдебиет саласына қолдау күшейіп келеді. Бірақ соған лайық қаламгерлер аз болып тұр. Қазір сұранысқа ие болып тұрған проза жанрында жазатындар бірен-саран. Сол себепті де балаларды әдебиетке қызықтыра білген абзал, — деді Айдар Сейдазым.

Аудан әкімі Ғани Құрмашұлы ақынның ұсынысы орынды екенін айтып, биылғы оқу жылында қолға алатындарын жеткізді. Алдағы уақытта Сауранда таланттар шоғыры қалыптасып, ел руханиятының дамуына сүбелі үлес қосатын болады.

Previous Post

ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі