13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өндірісі өрге басқан Түркістан

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Өндірісі өрге басқан Түркістан
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қала болса да өндіріс пен ауыл шаруашылығы ұштастырып отырған бірден-бір аймақ. Екеуінің үлесін теңестіру үшін арнайы концепция әзірленген. Өйткені көне шаһар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі мен теміржолдың бойында орналасқан. Өнеркәсіпті дамытуға өте қолайлы жағдай бар. Сол себепті инвесторлармен тығыз жұмыстар атқарылуда.

Айталық, индустриялық аймаққа орналастыру үшін жылына 15 мың тонна жүгері өңдейтін зауыттың құжаттарын тиісті комиссияға жолданған.

Кәсіпкерлер құрал-жабдықтарын Иран мен Түркияда әкеледі. Жобаның иелері – аталмыш мемлекеттерден көшіп келген қандастарымыз. Оралмандар. Өндірген тауарларын нарықта өткізу мәселесін де жан-жақты ойластырған. Жүгеріні шаруалардан сатып алып, кептіріп, дәнін собығынан ажыратып, қаптамаға салып, шетелге шығармақшы.

Негізінен Иранға экспорттайды. Бағаларына дейін белгілеп қойған. Бизнесін экспортқа жоспарлайтын осындай өндіріс ошақтарының бой көтеруі қаланың экономикасын дамытуға аса қажет.
Сонымен бірге Ескі Иқаннан көкөніс өңдейтін цех ашу мәселесімен инвесторлар келссөздер жүргізуде.
Қаладан қоқыс-қалдықтарды өңдейтін зауыт салу жөнінде бір компаниямен меморандум жасалған. Алматылық кәсіпкер. Алматы, Қарағанды облыстарында сондай зауыт салған.

Қазіргі таңда жер телімін белгілеп берілген. Қазір құрал-жабдықтарын жеткізу үстінде. Бұл зауыт қоқыс-қалдықтарды 80 пайызға дейін өңдейді. Бәрібір 20 пайыз қалдық қалады екен. Алайда инвесторлар біртіндеп қалдықсыз технологияға апаруға уәде беріп отыр. Бұл кәсіпорын бой көтерсе, қаланың тазалығы ретке келері анық.

Облыс орталығына айналған шаһарды әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, Түркістан қаласының идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша 4 бағыт айқындалған болатын. Олар: біріншіден, Түркістан – қазақ халқы мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан – әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет Ясауи – рухани тұлға бағыттарына арналды. Бұл бойынша да жұмыстар жүйелі орындалып келеді.

Previous Post

ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

Next Post

ТҮРКІСТАН: "НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН" САҚТАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі