13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының орталығындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазақ күресінен спорт шебері Темір Шубайұлын еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы IV халықаралық турнир өтіп жатыр.

Дзюдошылар бәсекесіне Алматы қаласы, Қызылорда облысы, Өзбекстан Республикасынан келген 20-ға жуық команда, 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Татами төріндегі балуандар белдесуінде 8 салмақ дәрежесінде ұлдар жарыс көрігін қыздырса, 8 салмақ дәрежесінде қыздар өзара бақ сынауда. Жарыс жеңімпаздары бүгін белгілі болады. Байрақты бәсекені жоғары дәрежеде ұйымдастыруға Бәйдібек ауданы әкімдігі мен Түркістан облысының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мұрындық болды.
Дүбірлі дода Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазақ күресінен спорт шебері Темір Шубайұлын еске алуға арналған.

Айтулы додаға негізінен 2006-2007 жылы туылған жасөспірім дзюдошылар келіп, бақтарын сынауда. Татами төріндебілекті де жүректі балуандар белдесіп, бар өнерлерін ортаға салуда. Дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан сайыстың ашылу салтанатында Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы жарысқа қатысушы қонақтар мен спортшыларға сәттілік тілеп, мықтылардың жеңіске жетуін тіледі. Сонымен қатар, Темір Шубайұлының шәкірттері Түркістан облысының олимпиада резервін даярлау орталығының директоры Нұран Айтбеков пен Қазақстан Республикасының бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбеков осындай жарыстардың өңірде көптеп өтуі ауыл жастарына дем береді деп, сенім білдірді.

Бұл сайыста 55 келі салмақта өзінің шеберлігімен көзге түсіп жатқан Жамбыл облысының саңлағы Тыныс Ұлан жеңіс үшін келгенін айтып, алдағы жоспарымен бөлісті.

Previous Post

В Шымкенте прошел дебатный турнир среди молодежи

Next Post

Өндірісі өрге басқан Түркістан

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі