13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСПЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛГЕН

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСПЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛГЕН
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары Тарту Орынтайұлы мәлім етті.

Спикердің айтуынша, өңірдегі заңсыз құрылыстар тұрақты бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданған. Жыл басынан бері Түркістан облысы аумағында заң талаптарын сақтамай салынған 142 құрылыс нысаны анықталды. Жалпы 38,97 млн теңге айыппұлдың бүгінгі күнге 95,94 пайызы өндіріліп, 37,39 млн теңге облыстық бюджетке кіріске алынған.

— Басқарма тарапынан құрылыс нысандарында тиісті ережелер мен нормаларды сақтау және құрылыстың сапасын жақсарту ерекше назарда тұр. Биыл жыл басынан бері басқармаға жеке тұлғалардан — 203 және заңды тұлғалардан — 80 өтініш пен арыз-шағым қаралды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 244-бабына сәйкес, басқарма тарапынан заңсыз, өз бетінше салынған құрылыстарды мәжбүрлеп бұздыру туралы 9 талап арыз сотқа жолданып, 4 қанағаттандырылды, 5 қаралуда. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 560 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын басталуы жөнінде хабарламалар тіркелген. Бұл ретте, 189 нысанның құрылысы бюджет қаражаты есебінен, 371 нысанның құрылысы жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен салынуда, — деді басқармасы басшысының орынбасары.

Т. Орынтайұлының мәлімдеуінше, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы жұмыс қорытындысы бойынша құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 819 өтініш қабылданған. Оның ішінде лицензия бойынша 364 өтініш тіркеліп, 314 өтініш қанағаттандырылған. Өтініштердің мерзімдері өтіп қаралған жағдай орын алмаған.
Айта кетейік, басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100% электронды түрде жүргізіледі. Қазіргі таңда құрылыс нысандарына бақылау және қадағалау жұмыстары тұрақты.

Previous Post

Төлеби ауданы: Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Next Post

Қытай инвесторлары Түркістанда кіпіш зауытын салады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі