Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры М.Шанбаев және инженері азаматтық қорғау аға лейтананты Р.Каюповтың ұйымдастыруымен «Түркістан облысы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «19 қазан» Құтқарушылар күні қарсаңында Төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында жоғарыда көрсетілген мекеме қызметкерлері мен онда білім алып, ем қабылдап жатқан мүмкіндігі шектеулі оқушыларға мектеп және интернат қабырғасында өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды, және жиын барысында қол өрт сөндіргішін пайдалану нұсқаулығы түсіндіріліп, қызметкерлерге жылыту маусымы басталуына байланысты күнделікті тұрмыстағы жылыту пештерін пайдалану тәртібі айтылып, түсіндірме парақшалары таратылып өрт қауіпсіздігі және улы газдан сақтану туралы бейнероликтер көрсетілді.
Жиынға жалпы саны 28 оқушы, 35 қызметкер қатысты жиын соңында қызметкерлер тарапынан тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, бөлім қызметкерлерімен тиісті заң талаптарына сәйкес жауаптары берілді.
Айта кетсек, ауданда төтенше жағдайдың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Еске салсақ, 19 қазан – Құтқарушылар күні. 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді.Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін елімізде кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған еді. Адамдарды, қоғамды апаттық жағдайдан құтқару жұмыстарын көбіне қоғамдық ұйымдар, құтқару бекеттері атқарып келді. Бұл қызметтің бір бөлігі милицияға жүктелді. Міне, осындай мемлекеттік маңызы бар қызмет жүйесін жасау үшін 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді.