Түркістан облысында жер дауы күн тәртібінен түскен емес. Қазығұрт ауданының тұрғындары облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға жер мәселесін арқалай келіпті. Жұмысшы, Сынтас және Қарабау елдімекенінің тұрғындары жерге қатысты мәселе оң шешімін тауып жатқанын айтады. Енді, сол қайтарылған жерді азаматтарға әділ бөліп беруді сұрайды.
Алдымен азаматтар ұзақ жылдарға созылған жер дауының оң шешімі табылып жатқанын айтып ризашылығын білдірді. Жалпы 4468,5 гектар жерді Сынтас, Жұмысшы, Қарабау елді мекеннің халқына бөліп беру жөнінде шешім қабылданған. Енді қайтарылған жерлерді жергілікті азаматтарға әділ бөліп беру мәселесі тұр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарға әрбір істі келісіп, ауызбіршілікпен шешу керектігін айтты.
Кездесуде облыс басшысы «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының теңгерімінде қалған 209 гектар жерді Алтынтөбеліктерге бөліп беруді жүктеді. Сондай — ақ Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтына тиесілі 89 гектар суармалы егістік жер ауданның жер қорына қайтарылады. Сонымен қатар Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округінде орналасқан Қоғам меншігіндегі жалпы ауданы 15 547 гектар жер учаскелері Қазығұрт ауданының жер қорына қайтару туралы шешімі шығарылған. Өз кезегінде облыс басшысы тұрғындарға қайтарылған жерді мақсатты пайдалану керектігін ескертті.
Жер дауы бірнеше жылға созылған 8 ауылда 15 мыңнан астам халық тұрады. Қайтарылған суармалы егістік жер телімдері адам саны бойынша үлестіріледі. Облыс әкімі сала жауаптыларына жер дауына қатысты комиссия құрып, мәселені оңтайлы шешуді тапсырды. Сондай-ақ «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының теңгерімінде қалған 209 гектар жерді алтынтөбеліктерге бөліп беруді жүктеді.
Қабылдауға келген ауыл тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары арнайы хаттамаға енгізілді. Тағы бір ақпар. Өңірдегі Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтына тиесілі 89 гектар суармалы егістік жер ауданның жер қорына қайтарылатын болады.