13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Башқұрстандық профессор Түркістанда көз клиникасын ашады

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Башқұрстандық профессор Түркістанда көз клиникасын ашады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде көру қабілетін қалпына келтіру бағытында қызмет көрсететін көз клиникаларына деген сұраныс жоғары. Уфа қаласында орналасқан «OPTIMED» лазерлік көруді қалпына келтіру орталығының профессоры Түркістанға арнайы іс сапармен келді.

Түркістанға арнайы сапармен келген Уфа қаласында орналасқан «OPTIMED» лазерлік көруді қалпына келтіру орталығының профессоры Булат Азнабаев облыстың инвестициялық әлеуетімен танысты. Жоғары дәрежелі офтальмохирург-дәрігерге облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасов пен «Turkistan invest» агентігінің өкілдері облыс орталығындағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ территориясын көрсетті.

Кездесу барысында сала мамандары инвесторларға берілетін жеңілдіктермен таныстырды. Көз дәрігері Булат Маратұлының айтуынша, бүгінде лазерлік ота арқылы көру қабілетін қалпына келтіру бағытында қызмет көрсететін көз клиникаларына деген сұраныс жоғары. Сондықтан, орталыққа келетін қазақстандық емделушілердің көптігіне байланысты Қазақстанның бірнеше аймағынан көз клиникасын ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

Еске салайық, жуырда Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Керуен-сарай» кешеніне барып, инвесторлармен және өңірде жұмыс істеп жатқан туристік сала өкілдерімен кездескен. Премьер-Министрге газ және күн электр станцияларының құрылысы, көмір-химия, мұнай-химия және күкірт қышқылы зауыттарын, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді мен цемент өндіретін химия кешенін, Өгем өзеніндегі ГЭС каскады бар су құбырын, жылыжай кешенін, бордақылау алаңын салу бойынша және т. б. жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды. Өз кезегінде инвесторлар жобалармен жұмыс істеу кезінде туындаған бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға оларды мұқият қарап, заңнама шеңберінде жәрдем көрсетуді тапсырған еді.

Previous Post

Түркістан: Сарыағаш ауданында мал шаруашылығы өркендеп жатыр

Next Post

Қазығұрт ауданында жер мәселесі шешімін табуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі