13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаш ауданында мал шаруашылығы өркендеп жатыр

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сарыағаш ауданында мал шаруашылығы өркендеп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қызылжар ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Орынғазы Қарабаевтың тұрғын үйі жанынан ашылған мал бордақылау алаңына арнайы барып, жұмысымен танысты.
— Ауданда халықтың тығыз орналасуына байланысты, жайылым жер тапшы болғандықтан осылай үй жанынан мал бордақылау алаңын салу өз тиімділігін көрсетуде. Соңғы жылдары тұрғындар қолындағы азын-аулақ малының қарасын көбейтіп, бордақылау алаңдарын бірінен соң бірі ашуда. Бұл кәсіптің қиындығына қарамай білек сыбана осы жұмысты бастап, қолыңыздағы мал санын көбейтіп, бүгінгі таңда өз арбаңызды дөңгелетіп отырғаныңыз қуантады. Жалпы қазіргі таңда кәсіп бастау оңай, бірақ оны әрі қарай дамытушылар саны аз. Кәсібіңіз өсіп өркендей берсін, — деді аудан басшысы.

Аталған мал бордақылау алаңында қазіргі таңда 35 бас ірі қара мал өсіріліп, 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жеке кәсіпкер аудан басшысымен тілдесе келе, өз жоспарларымен бөлісті.
Оның айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін ұлғайтып, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Жалпы аудан аумағында аталған кәсіппен шұғылданатын кәсіпкерлер саны күн санап артуда. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті ұлғайтып өнім көлемінің артуына, ал нарықтағы бағаның төмендеуіне алып келеді. Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шаруаларға қолдау білдіру шарасыда қолға алынады, ТЫң жробалардан Түркістан өңірі назардан тыс қалмайды.

Айта кетсек, аудан бойынша жалпы 115 мал бордақылау алаңы бар, оның 3-і ірі алаңдар болса, 112-і шағын алаңшалар. Бүгінгі таңда ауданда 61417 бас — ірі қара мал, 19660 бас — жылқы, 495 369 бас — уақ мал, 117 — бас түйе өсірілуде. Биылғы 9 айда 23,7 млрд теңгеге малшаруашылығы өнімдері өндірілді.

Previous Post

Түркістан облысында 750-ден аса мешіт бар

Next Post

Башқұрстандық профессор Түркістанда көз клиникасын ашады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі