13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 750-ден аса мешіт бар

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 750-ден аса мешіт бар
Share on FacebookShare on Twitter

Достық болсын! Достықтан ешкім жеңілмейді. Проваслав дінінің өкілдері осылай дейді. Түркістанда 18 қазан Рухани келісім күні мерекесіне орай діни конфессия басшылары кездесті. Жиынға Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы жетекшілік жасап, жүргізіп отырды. Кездесуде ел бірлігін сақтау, дінаралық қарым қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды.

Рухани келісім күні мерекесі елдегі бірлік пен ынтымақтастықтың қайнар көзі іспеттес. Дін – саясаттан бөлек, мемлекеттен бейтарап болғанмен, рухани құндылық ретінде ажырай алмайды. Елімізде діни конфессия өкілдерінің бір шаңырақтың астында ауызбірлікте өмір сүруі мемлекеттің дамуына оң әсер етеді, — дейді ұйымдастырып отырғандар. Олардың басты мақсаты – толеранттылық таныту, ынтымақта өмір сүру.
Қазақстан – қоғамдағы барлық үде­рістің негізіне биік рухани мәде­ниетті қалыптастыруға тырысатын елдердің жарқын үлгісі. Ал бұл өз кезегінде ұлтына, дініне, нәсіліне қарамастан адамдар арасындағы өзара келісімге бастайтыны анық. Бұл шараларды еліміздің бейбітшілік пен рухани келісімге алған бағытының ай­қын көрінісі деуге негіз бар.

Жиын барысында түрлі дін өкілдері әлеуметтік, діни тұрақтылық пен достық мәселелерін талқылады. Діни конфессиялар жетекшілеріне мерекеге орай алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Дінаралық татулық күніне орай конфессия өкілдері спорттық жарыстарға да қатысты. Азаматтарды ортақ рухани-адам­гер­шілік құндылықтарға топтастырып, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық, толе­ранттық, рухани келісім идея­ларын насихаттауға бағытталған кездесу алаңында тұшымды пікір­лер айтылып, маңызды мәселелер көтеріл­ді. Жиынға қатысушылар дәстүрлі жиын­да келесі жылы да басқосуға уағдаласып тарқасты.

Айта өтейік, Түркістан облысы аумағында 6 діни конфессияға енетін жалпы 784 діни бірлестік жұмыс істейді. Олардың қатарында исламдық емес бағыттағы 30 жергілікті діни ұйым мен оның 2 филиалы бар. Сонымен бірге исламдық бағыттағы 752 мешіт елге қызмет етіп жатыр.

Previous Post

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында

Next Post

Түркістан: Сарыағаш ауданында мал шаруашылығы өркендеп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі