13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан өңірі «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингінде тағыда көш басында тұр

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан өңірі «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингінде тағыда көш басында тұр
Share on FacebookShare on Twitter

Өңiрлер арасындағы жыл сайын жүргізілетін «Бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінің соңғы қорытындылары бойынша Түркiстан облысы екiншi жыл қатарынан бизнестi жүргiзу үшiн үздiк өңiр болып танылды. Бұл рейтинг 50% статистикалық көрсеткіштерден, 50% кәсiпкерлермен жүргізілген сауалнама көрсеткіштерден тұрады. Түркістан облысында кәсіпкерліктің саны артып, 160 мыңға жетті. Алдыңғы қатарда. Облыс аграрлық өлке болғандықтан, кәсіпкерліктің басым бөлігі осы салада қызмет етеді. Сауда, туризм, қызмет көрсету және өндіріс салаларында даму қарқынды.

Бизнесті қолдау бойынша мемлекеттiк бағдарламалар кәсiпкерлер үшiн қолжетiмдi Мемлекеттiк бағдарламаларды кәсiпкерлерге түсiндiру және бизнесті осы бағдарламаларға қатыстыру үшiн тұрақты түрде аудан және қалаларда семинар-кездесулер өткізілуде. Нәтижесiнде бағдарламаларға қатысушылар саны артқан. Шағын кәсіпкерлікті ары қарай дамыту үшін облыс әкіміне бірнеше жаңа жоба ұсынылды.
«Қарапайым заттар экономикасымен» қоса «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы кәсiпкерлер арасында сұранысқа ие. Биыл бағдарлама бюджетi 57%-ға артып 9,6 млрд. теңгеге жетті. Несиелерді субсидиялау арқылы 12,7 млрд. теңгеге кәсіпкерлер жеңілдетілген 6%-бен несиеленді.

Сонымен қатар 5,5 млрд. теңгені құрайтын несиелер «Даму» қоры арқылы кепілдендірілді. Бюджеттен бөлінген қаржы шеңберінде кәсіпкерлерді жыл соңына дейін 25 мрлд. теңгеге несиелеу мүмкіндігі бар.
Инвестиция тарту жұмыстары облыс әкімінің ерекше бақылауында. Облысқа тартылған биылғы инвестиция көлемі 773 млрд. теңгеге жетпек. Жекелей инвестиция тартудың қарқынын арттырып, белгіленген жоспарды жүзеге асыру үшін аудан, қала әкімдері жұмысты күшейтуі тиіс. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың жаңа тетігін енгізіп, негізгі капиталға құйылатын инвестициялар бойынша нысаналы индикаторларды орындай алмағандар басшылық орнын босатуға дайын болуы тиіс екенін ескертті.

– Инвестиция тартуды жандандыру керек. Алдағы жылдарға нақты меже бекітілген. Сол жұмыстарға бар күшті салыңыздар. Қол қусырып отыратын болсақ, бүкіл жұмысымыз бюджетке қарап қалады. Жалпы ивестиция өсімін орындау – басты мақсат. Тапсырылған әрбір индикатор орындалуы тиіс, – деді өңір басшысы.

Previous Post

Түркістан облысында мектеп тапшылығы мәселесі жойылуда

Next Post

ОРДАБАСЫ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ОРДАБАСЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі