Түркістан облысының Төлеби, Қазығұрт және Келес аудандарының тұрғындары интернет желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен байланыс операторлары арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылуда. Түркістан облысында тағы 18 ауыл 3G және 4G технологиясын қолдана отырып, жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталды. Оған жаңадан соғылған базалық станция сеп болды. Енді Шабыт ауылы, Түлкібас ауданында орналасқан шалғай елді мекендер мен Кентау қаласы, Сарыағаш, Сауран, Бәйдібек, Ордабасы ауданындағы елді мекендер. Жалпы бүгінде қалалар мен ірі елді мекендерде «оптикалық» байланыс қолданылады.
Жыл соңына дейін 32 ауылды интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ қамту аймағын кеңейту және интернетке қосылу жылдамдығын арттыру мәселесін шешу үшін базалық станциялардың санын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, интернет желілерін электр бағандары арқылы тартуға заң бойынша рұқсат берілді.
«Мемелкеттік органдар мен өзара іс-қимыл жақсарту мақсатында заңмен «Қазпошта» ұлттық операторының пошта желісі базасында цифрлық нүктелер құрылады. Цифрлық нүктелер «Қазпоштаның» 2 мың ауылдық бөлімшелерінде ашылады. Пилоттық режимде мұндай нүктелер Шығыс Қазақстанда ашылған. Білікті ай-ти кадрлардың тапшылығына байланысты Қазақстан азаматтарына бағдарламалау мектептеріне оқуға гранттар берілетін болады»-дейді сала жауаптылары.
2020 жылға дейін 850 адам тұратын Төлеби ауданының Балдыберек ауылында мобильді интернеттің сапасы өте төмен болатын. Сол себепті тұрғындар тарапынан шағымдар көп болды. Биыл Балдыберек ауылының тұрғындарында 4G мобильді интернеті пайда болды.
Жоғарыда аталған мәселе 1000-нан астам халқы бар Келес ауданының Бозсу ауылында, сондай-ақ 1000-нан астам халқы бар Қазығұрт ауданының Жеңіс ауылында да туындады. Енді 250+жобасы аясында барлық ауыл тұрғындарына кең жолақты интернет желісі жетті. Алдағы уақытта өзге де елді мекендер интернеттің игілігін көре алатын болады.