Түркістан облысында биыл 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде «Еңбек» бағыты бойынша 70 250 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделген. Ұлттық жобалар аясында жаңадан ашылатын жұмыс орындарына 7 086 адам жұмыспен қамтылады. Жеке бастамалар арқылы 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына тартылады.
Мемлекет басшысының жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша Түркістан облысында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Биыл кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жобаның «Еңбек» бағыты бойынша 70 мыңнан астам азаматты қамту көзделген. Жыл басынан бері олардың 30 мыңға жуығы жұмыспен қамтылды.
Мемлекет басшысының жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте, облыстағы 820 мыңға жуық жұмыс күшін ескерсек, биыл 8 мыңнан астам нәтижелі тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Бүгінгі таңда аудан, қалаларда 4,2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылып отыр.
Жұмыспен қамту мәселелері бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесіне сәйкес аудан, қала әкімдерінің қызметін бағалау үшін рейтинг шығарылады. Мамыр айының соңынан бастап елімізде жұмыспен қамтудың өңірлік картасына бекітілген жобалардағы жаңа жұмыс орындары электронды еңбек биржасына енгізілуде. Осыған орай, 16 жоба енгізіліп, 154 бос жұмыс орны ұсынылды. Маусым айында бос орындар қатары 2 мыңға жуықтамақ.
Субсидияланған уақытша жұмыс орындарына жолдау жоспарланған 22 мыңға жуық адамның жартысынан астамы жұмысқа орналасты. Жаңа бизнес идеяларын дамыту үшін 3 мыңға жуық адамға гранттар беру жоспарланған. Жыл басынан бері ашылған 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарының 80%-ы жеке бастамалар аясында ашылуда. Сондай-ақ грант беру, білім беру саласындағы жобаларда тұрақты жұмыс орындары ашылған.
Жұмыспен қамту ең бірінші мәселе. Сондықтан , аудан, қала басшылары осы бағыттағы жұмысты жүйелеп, жандандыруды қолға алмақ.