13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

 Сайрам ауданындағы қоғамдық — саяси ахуал мәселесі талқыланды

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
 Сайрам ауданындағы қоғамдық — саяси ахуал мәселесі талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Cайрам ауданының әкімі Уласбек Садибековтің төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және этносаралық келісімді нығайту мәселелері қаралды.

Мекемеаралық өткен мәжіліске аудан прокуроры Даулет Тлемисов, аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмурадов, аудан әкімінің орынбасарлары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев, дербес бөлім басшылары, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің міндетін уақытша атқарушысы Кайрат Арап және ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың жағдайы мен әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг жұмыстары жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сабит Реметов баяндады. Басшының берген мәліметіне қарағанда, кез келген келеңсіз оқиға орын алған жағдайда немесе оны алдын алу мақсатында «Алтын сағат» ережесіне сәйкес, ауыл әкімшіліктері аудан әкімдігі мен құзырлы органдарға тиісті шараларды қабылдау үшін шұғыл хабарлау мәселесін басты назарда ұстаулары қажет. Аудан аумағында коммуналдық жүйелер, білім, жер және тұрмыстық жағдайға байланысты туындайтын мәселелер жиі орын алуда.

Сонымен қатар, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру бағытында ауданға қатысты әлеуметтік желілерде жағымды және жағымсыз ақпараттардың жарияланымдарына және 2022 жылдың қыркүйек айында дербес бөлім басшылары мен ауылдық округтерінің әлеуметтік желідегі белсенділіктері зерделеніп, рейтинг жасалды. Атап айтқанда, Ақсукент, Қарасу, және Көлкент ауылдық округтерінің әкімдері, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, сәулет және қала құрылысы, құрылыс, экономика және қаржы бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлерінің әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс атқаратындары аталып, ал төмен көрсеткіш көрсеткен ауылдық округтері мен бөлімдеріне белсенділіктерін арттыру үшін тиісті кеңестер ұсынылды.

Аудан әкімдігінің «Telegram» әлеуметтік желісіндегі аудан тұрғындарының көтерген өзекті мәселелеріне мәліметтердің мерзімінде жолданылуы қадағалануда. Сондай-ақ қоғаммен кері байланыс орнатуды нығайту үшін «Фейсбук» әлеуметтік желісінде тікелей эфирлер өткізілген. Тікелей эфирлердің қаралымы, жағымды пікірлер мен лүпілдер жинақтау жағынан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, Қарабұлақ, Қайнарбұлақ, Манкент және Қарасу ауылдық округтерінің әкімдері үздіктер қатарында болды.

Баяндама соңында алдағы өтетін сайлау науқанын өткізуге дайындық жұмыстары пысықталды.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Сауранда ашылған қоғамдық штаб жұмысын бастады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі