13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сауранда ашылған қоғамдық штаб жұмысын бастады

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Сауранда ашылған қоғамдық штаб жұмысын бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Сауранда ашылған қоғамдық штаб құрамына ауданға танымал тұлғалар, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар еніп отыр. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Сауран аудандық қоғамдық штабы ашылды. Оның құрамына ауданға танымал тұлғалар, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар еніп отыр. Алдағы бір ай бойы аудандық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанында ҚР Президенттігіне Кандидат Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіру жүмыстарын жүргізеді. Айта кетейік, аудандық қоғамдық штаб құрамы 32 адамнан тұрады. Аудандық штаб құрамына алғаш рет «Ақ Жол» партиясынан 1 адам, Қазақстан Халық партиясынан 1 адам еніп отыр. Үгіт насихат жұмыстары барысында халыққа сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, кездесулер өткізеді. Сондай-ақ, аудандық штабта ұйымдастыру, саяси, қоғамдық қабылдау,заңгерлік бөлімдері мен баспасөз қызметі жасақталған.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында облыстық дәрежедегі бірнеше іс-шаралар өткізу жоспарланған. Мұндағы мақсат – кандидаттың сайлауалды бағдарламасын халыққа кең көлемде түсіндіру. Штаб төрағасының айтуынша, аудандық штаб мүшелері бағдарламаға сәйкес еңбек ұжымдарымен, қоғам белсенділерімен, құрылысшылармен, ауыл шаруашылығы, этномәдени бірлестік өкілдерімен, көп балалы аналармен, спортшылармен, ақсақалдармен, кәсіпкерлермен және теміржолшылармен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырады.
Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес кеше, яғни 21 қазан күні сағат 18.00-ден бастап елімізде үгіт-насихат кезеңі басталды. Аталған үгіт құралдарын «Jastar Ruhy-ның» 20 белсендісі таратып жатыр.
Айта кетсек, елімізде кезектен-тыс Президент сайлауы 20 қараша күні өткізіледі деп жоспарланған.

Previous Post

 Сайрам ауданындағы қоғамдық - саяси ахуал мәселесі талқыланды

Next Post

Сайрам ауданы: Құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы қарқынды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі