13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесеннің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларды өзектендіруге байланысты аудандық жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті.

Жиынға аудан аумағындағы жауапты мекемелер мен дербес бөлімдер офлайн форматта және ауылдық округ, кент әкімдері онлайн форматта қатысты.
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – МӘМС жүйесінде азаматтардың сақтандырылу мәртебесін орнату болып тұр. Қазіргі таңда ауданымызда 18 404 азамат медициналық көмекті толыққанды алу мүмкіндігінен айырылып отыр. Олардың көпшілігі жалдамалы жұмысшылар, келісім-шартпен табыс табушылар және кәсіпкерлер, дербес табыс табушылар.

Жиында МӘМС жүйесінің жұмысын аудан аумағында үйлестіруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің басшысы Р.Қалдарбеков және аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары А.Ақылбаева бүгінгі таңда жүйеге азаматтарды өзектендіріп енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады.

Жиынды қорытындылаған Марат Сүгірәліұлы жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмай жатқан дербес бөлімдер мен округ, кент әкімдеріне сын-ескертпе жасап, жұмысты барынша жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, МӘМС жүйесіне тіркелмей, жарнасын төлемей жүрген тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын қарқындату керектігін жеткізді. Себебі, жүйеге енгізілмеген тұрғынға сырқаттанып қалған жағдайда медициналық мекемелер тарапынан тиісті көмектер өз деңгейінде көрсетілмейтіндігін тілге тиек етті.
Осы тұста сақтандырылған адам МӘМС пакетінде медициналық көмекке кеңейтілген қолжетімділік алады. Нақтылайтын болсақ:

-медициналық кәсіби тексерулер
-жоғары мамандандырылған дәрігерлердің қабылдауы мен консультациясы
-бейінді мамандардың созылмалы ауруларды динамикалық бақылауы
-пациенттердің жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек
-диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ)
-мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайдағы медициналық көмек
-медициналық оңалту
-стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық жағдайларда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Previous Post

САЙРАМ: ҚҰТАРЫСТЫҚТА ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ТҮПКІЛІКТІ ШЕШІМІН ТАБУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

 Сайрам ауданындағы қоғамдық - саяси ахуал мәселесі талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі