13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста тұрғындар тілегі орындалды

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Түлкібаста тұрғындар тілегі орындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданындағы Майлыкент ауылдық округіне қарасты «Күншуақ» мөлтек ауданында заманауи ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Бұл жаңа алаңша асыр сала ойнаған балдырғандардың тілегі. «Балалар жылы» аясында ашылған алаңша олардың бос уақытын тиімді өткізуге және спортты дамытуға зор мүмкіндік береді.

Мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабынды төселген. Орындықтар мен қоқыс құтылары да орнатылған.

Айта кетерлігі, Түлкібас аудан әкімі Нұрлан Байғұттың округ тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде көтерілген бұл мәселе көп ұзамай шешімін тапты. Ауыл тұрғындары игі шараға қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтып, өз ризашылықтарын жеткізді.

Тағы бір ақпар. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асыру мақсатында кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады. Өңірде бұл жоба өз нәтижесін беріп жатыр. Жоба аясында тұрғындардың өңірді абаттандыруда жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндігі бар. Осы орайда аумақты көгалдандыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрларды, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру ескерілген.
Түлкібас ауданында ашылған бұл балалар алаңшасы соңғысы емес. Алдағы уақытта аудандағы өзге ауыл бүлдіршіндері де қуанышқа кенеледі.

Previous Post

Түркістан: Ордабасы ауданында жаңа мектеп ашылды

Next Post

Түркістан облысында мақтаның тоннасы 370 мың теңгеден қабылданып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі