13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Ордабасы ауданында жаңа мектеп ашылды

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Ордабасы ауданында жаңа мектеп ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында тағы бір мектеп ашылды. Ордабасы ауданындағы Шұбарсу елді мекенінде «Өмірхан Қозыбақ» атындағы бастауыш мектебінің ашылу рәсімі өтті. 280 орындық білім ошағы жеке кәсіпкердің өз қаражаты есебінен салынған. Келер жылы жаңа мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған ғимаратпен қатар жазғы спорттық алаңы мен жоғары сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарына арналған жылыжай салу жоспарлануда.

Республика күні қарсыңында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай ордабасылықтардың қуанышымен бөлісіп, жаңа мектептің ашылуына қатысты. Өңірдегі білім саласындағы жаңа бастамалармен бөлісті.

— Бүгін өздеріңізбен Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында қуанышты сәтті бірге бөлісу үшін кездесіп отырмыз. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында білім саласына ерекше тоқталды. Мектеп салу — Үкімет пен әкімдіктер үшін басты міндеттердің бірі, деді.

2025 жылға дейін елімізде Ел Президентінің қолдауымен 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалмақ. «Жайлы мектептер» біздің облыста да салынады. Заманауи талапқа сай 86 мектепте 60 мың бала білім алатын болады. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі шешіледі. Мектеп салуда жергілікті кәсіпкерлеріміз зор үлес қосып келеді. Біз өз тарапымыздан білім саласын дамытуға атсалысқан азаматтарды қолдауға дайынбыз,-деді өз сөзінде облыс әкімі Арман Жетпісбай.

Ордабасы ауданында 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 4-уі (Қараспан, Аққойлы, Дербес, Төрткөл е/м) жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жалпы, Ордабасы ауданында 69 мектеп бар. Онда 4,5 мыңнан астам мұғалім еңбек етсе, 37 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Previous Post

Түркістан: Шалғайдағы ауылға таза ауыз су беріле бастады

Next Post

Түркістан: Түлкібаста тұрғындар тілегі орындалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі