13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Шалғайдағы ауылға таза ауыз су беріле бастады

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Шалғайдағы ауылға таза ауыз су беріле бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Республика күні мерекесі қарсаңында Сарыағаш ауданы, Әлімтау елді мекеніндегі 1198 тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді. Осыған орай аудан әкімі Мұхит Отаршиев тұрғындарды арнайы құттықтады.

– Біз үшін ауылды көркейту, ауыз сумен қамту, көгілдір отын жеткізу және халықтың әл-ауқатын арттыру – басты назардағы мәселе. Алдағы уақытта да аудан аумағындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары өз жалғасын табатын болады. Мұның барлығы да Мемлекет басшысының жыл сайынғы біздерге арналған Жолдаулары мен тиісті міндеттемелерінің арқасында мүмкін болып отырған игілік деп білемін, – деді аудан басшысы.

Ауыл ақсақалдары тұрғындардың атынан басшылар мен мердігер компанияға ризашылығын жеткізді.
Әлімтау елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары өткен жылы басталып, биыл пайдалануға берілді. Жобаға сәйкес елді мекенде екі ұңғыма қазылып, 21,8 шақырым ауыз су құбырлары тартылды. Сондай-ақ ұңғымадан шыққан суды тазалауға арналған екі дана мембрана қондырғылары орнатылды.

Айта кетсек, жалпы ауданда тұрғындардың санына шаққанда орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылу деңгейі 74,5 пайызды құрайды. Биыл елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 8 нысанның құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде облыста «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, «Парасатты дискуссиялық клуб» пилоттық жобасы да қолға алынған. Аталған жоба облыс, аудан, аймақтағы күштік құрылым басшыларының тұрғындармен кездесулерін, ашық әңгімелесулерін қамтамасыз етеді. ЖАлпы өңір бойынша инфрақұрылыс саласын дамыту саласы жолға қойылған. Барлық жұмыстар өңірді дамыту бағдарламасына сай іске асуда. Бұл жұмыстар аудан көлеміндеде жалғасатын болады.

Previous Post

Түркістан облысында ерекше кәсіпке қолдау көп

Next Post

Түркістан: Ордабасы ауданында жаңа мектеп ашылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі