13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысында ерекше кәсіпке қолдау көп

17 ноября, 2022
in Uncategorized
0
Түркістан облысында ерекше кәсіпке қолдау көп
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Кентау қаласында ерекше бизнес идеяларға қолдау көрсетіледі. Мемлекет тарапынан кәсіп ашқысы келетін азаматтарға берілетін бір реттік қайтарымсыз гранттар да алдымен ерекше кәсіп иелеріне беріліп жатыр. «Өз бизнесін ашқысы келетіндердің арасында, көпбалалы аналар мен жастар көп», – дейді мамандар.

Үміт Мәкімова – 4 баланың анасы. Осыдан 5 жыл бұрын жолдасы екеуі үйінің ауласынан көлік жуу орнын ашқан. Алайда оны кеңейту үшін өткен жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес мемлекеттен 1 млн 220 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған. Оған көліктің іші-сыртын жылтыратып тазалайтын аппарат, кептіргіш құрал, бояйтын құрылғы сатып алыпты. Қазір жабық орынды жалға алып, жұмыс істеп жатыр.

– Осы кәсібіміздің арқасында біз тек қана аватокөлік жумай, бояуды да қосып жатымыз. Әрі қарай автотігін цехын ашсақ, деген ниетіміз бар. Автотігінде чихолдар тігеміз деген оймен бастап жатырмыз. Осымен тоқтап қалмай, жұмысымызды дамытып жатырмыз,- деді Кентау қаласының тұрғыны Үміт Мәкімова.
Тағы бір ерекше кәсіптің иесі – Гауһар Дәулетбаева. Кентаулық келіншек ешкі өсіреді. Сүті мен құрт-майын сатады. Қалғанын бала-шағасы ішеді. Бес баланың анасы үйде отырып та табыс табуға болатынын айтады. Дайын өнімді дүкенге өткізіп, әуре болмайды. Қажет адамдар үйінен келіп, алып кетеді. Гауһарда өткен жылы грантқа ие болып, оған 10 ешкі сатып алған. Биыл лағымен 20 басқа жетіпті.

– Бір сауғанда 6-7 литрге дейін сүт аламын. Біз күніне 3 мезгіл сауамыз. Бір мезгілін сатсам, екіншісін бала-шағам ішеді, үшіншісінен құрт істеуге жинадым. Сүттің 1 литрін 400 теңгеден саттым, құртын 2-2,5 мың теңгеден саттым. Майын да солай 3 мыңнан өткіздім. Үйде қарап отырғанша, осы бизнес арқылы табыс көзін тауып отырдым биыл жаз бойы. Қазір төлдеуі жақындаған соң саууды тоқтаттық,-дейді Кентау қаласының тұрғыны Гауһар Дәулетбаева.

Биыл Кентау қаласы бойынша кәсібін ашқысы келетін 172 азаматқа грант беру жоспарланған. Бүгінге дейін соның 52-сі мемлекеттік көмекке ие болып, өз ісін жүргізіп отыр.

– Келесі аптада гранттың комиссия өтырысы өтеді. Бұл биылға соңғы топ. Бұл топқа 500-ден астам адам портал арқылы өтінім берген. Осы 500-дің ішінен 120 адамды ғана жоспарға сәйкес таңдау керек. Комиссия мүшелері шынымен жұмыс істегісі келетін, тың идеялары бар, қаланың экономикасына үлес қосамыз деген адамдарға қолдау білдіріп отырады. Грант иегерлерінің арасында жастар өте көп,-деді Кентау қалалық жұмыспен қамту бөлімінің маманы Дамира Асқынбай.

Айта кетейік, биыл ерекше бизнес идея авторларына мемлекет тарапынан берілетін бір реттік қайтарымсыз гранттың көлемі ұлғайды. Бұрын 200 айлық есептік көрсеткіш болса, биылдан бастап, 400 айлық есептік көрсеткіш болды.

Previous Post

25 қазан - Республика күні: Дербестікке жол салған декларация

Next Post

Түркістан: Шалғайдағы ауылға таза ауыз су беріле бастады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі