13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында мақтаның тоннасы 370 мың теңгеден қабылданып жатыр

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында мақтаның тоннасы 370 мың теңгеден қабылданып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді және Ливерпуль мақта биржасының индексіне сәйкес белгіленеді. Геосаяси жағдайларға байланысты көптеген логистикалар үзіліп, тасымалдау шығындары бірнеше есе өсті. Бұл мақта сатып алушы шетелдік компаниялардың Қазақстан нарығына қызығушылықтарын төмендетті.

Осыған байланысты, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, инвесторлармен келіссөздер жүргізілді.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспановтың мәлімдеуінше, өңірдегі екі серіктестік мақтаны қабылдау бекеттерінде шаруалардың көңілдеріне қонымды бағада қабылдап жатыр.

– Жетісай ауданында «Zhanassyl» ЖШС тауар өндірушілерден шитті мақта тоннасын 330 мың теңгеден қабылдауда. Сонымен қатар, 20 қазаннан бастап Ордабасы ауданында орналасқан «Нұр-Aгро 73» ЖШС шитті мақтаның тоннасын 370 мың теңгеден қабылдауды бастады. Биыл Түркістан облысында 126,3 мың га мақта дақылы егілген. Аталған аумақтан 330,3 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыстағы мақтаның 90 пайызы, яғни 293,5 мың тоннасы жиналған, — деді басқарма басшысы.
Бүгінгі күнге мақта бағасының 1 тоннасы 370 мың теңгені құрады. Шитті мақтаны қабылдау үшін 18 мақта өңдеу зауытының 209 бірлік мақта қабылдау бекеттері жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күнде зауыттар тарапынан тауар өндірушілерге жиын-терім жұмыстары үшін 150 – 250 мың теңгеден алдын ала төлем жасалуда.

Айта кетейік, мақта шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан көктемгі және күзгі дала жұмыстарына нарықтық бағадан 15-20% арзан бағамен 96 мың тонна жанар-жағар май бөлінген. Сонымен қатар 522 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50 %-ын субсидиялауға бюджеттен 6 млрд.тг субсидия қаржысы бөлінді. Сонымен қатар 653 түрлі өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 521,4 млн.теңге қаржы қаралса, агроқұрылымдардың сатып алған тұқымының құнын арзандатуға 600 млн. теңге қаржы бөлінді.

Previous Post

Түркістан: Түлкібаста тұрғындар тілегі орындалды

Next Post

Түркістан: Білім беру ұйымдарының патриоттық байқаулардар белсенділігі жоғары

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі