Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы «Арыстан» әскери-патриоттық клубының қолдауымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында әскери-патриоттық саптық оқу-дала жиыны өтті.
Іс шараның мақсаты: Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Аталмыш шара аясында Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі оқушылармен серпіліс, көлденең жолақ, қару-жарақты шашып-жинау жаттығулары өткізіліп, жиын соңында белсене қатысқан оқушылар жастар орталығы атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Патриоттық тәрбиенің өзінің халқына деген үйінспеншілікті мектеп ұжымында тәрбиелік мәні мен айқындалуы керек. Тәрбие жалпы жас жеткіншектерге отбасынан басталуы қажет. Отбасылық тәрбие жастарға қоғамға тез араласуына ықпалын зор тигізеді.
Әскери патриоттық тәрбиенің негізгі ықпалы жастарға отанының адал болуына патриоттық сезімін тудыратын, өзінің қоғамға бір ықпалын тидіретіне қуаныштылығын туғызуы тиіс. Қоғамдағы өзгерістер жастарғада ықпалын тигізеді себебі, жастар қазіргі уақытта қағамның белді бір мүшесі болып табылады. Жастардың қазіргі патриоттық тәрбиенің мақсат мен міндеттеріне саналы көз қараспен қарайды ол дегеніңіз өзінің отанына деген сүйінспеншілігін бар екенін айқында берілуі болып табылады.
Отанға деген сүйінспеншіліктің жастардың бойына табылуы ол дегеніңіз үлкен құрметтің белгісі болуы тиіс. Әскери патриоттық тәрбиенің негізгі алатын орны қоғамыздың жаңаруына өзінің қандайда бір ықпалын тигізеді. Бұл дегеніңіз қоғамдағы қандайда болсын өзгерістер жастардың ықпалы мен болып жатқанын дәлелдейді. Әскери патриоттық тәрбиеде жастарға әскердің не екенін жалпы мағлұмат алатындай олардың әскери ойындарға араласуы, отан соғысының ардагерлермен кездесу өткізуі бейне филъмдер көрсету соның бір дәлелі бола алады.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары бүкіл ел бойынша құрлық, десанттық-шабуылдау және зымыран-артиллериялық әскерлерде мерзімді қызмет өткереді, ал инженерлік мамандықтары бар әскерге шақырылушылар көбінесе бейіні бойынша қызметті таңдайды. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет.