Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерімен кездесу өтті.
Мақсаты — есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланудың алдын алу.
Кездесуге ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог психиатр дәрігері Султанмуратова Раушан, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің бапкері Садыков Бахтияр, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы және Азия чемпионатының жүлдегері Шукурова Роза қатысты.
Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерден бойына сіңіруге баулудың маңызы зор. Қоғамның ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі- маскүнемдік, араққұмарлық, нашақорлық екені белгілі. «Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен» ұласады деп ұлы ойшыл Шекспир айтқандай , адамға ең қымбаттысы оның мәнді де сәнді өмірі. Ал осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.
Кездесуде жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Ал спортшы чемпиондар жастарды спортпен айналысуға шақырды. Жастар тарапынан сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.