13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер үздік иммунологтармен тәжірибе алмасты

14 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік дәрігерлер үздік иммунологтармен тәжірибе алмасты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен медицина қызметкерлері біліктілігін арттырды. Басқарма жетекшілерінің арнайы шақыртуымен «University Medical Center» корпоративтік қоры республикалық диагностикалық орталық филиалының аллергология, пульмонология және орфандық аурулар бөлімінің меңгерушісі, аллерголог-иммунолог дәрігері Елена Ковзельдің қатысуымен семинар өтті.

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында өткен іс-шараға медицина ұйымдарындағы педиатр, аллерголог, иммунолог, инфекционист, жалпы тәжірибелі дәрігерлер қатысты. Семинар барысында жергілікті ақ халаттылар иммундық жүйе аурулары, иммунды терапиямен емдеу, диагностика тәсілдері бойынша біліктілігін шыңдады.
Иммундық жүйе — жұқпалы аурулардан табиғи қорғаныс. Ал оның өнімділігіне әсер еткенде, салдары әрқашан болмаса да, жойқын болуы мүмкін. Бұл оның қалай өзгертілгеніне байланысты болады.Иммундық жүйе- морфофункционалдық жүйенің бүтіндігі болып табылатын, ағзаның ішкі ортасындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын, миграция және рециркуляция жолдарымен байланысатын арнайы лимфойдтық мүшелер мен тіндердің өзара жиынтығы. Семинарға қатысушылар осы салаға қатысты бірқатар тың ақпараттар алды.

Семинар барысынджа шымкенттік ақхалаттылар сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Иммундық жүйе ауруларын емдеудің тың әдістерін де меңгерді. Шара соңында дәрігерлер бір-біріне мазмұнды ой-пікірлері үшін алғыс айтып, бұл тәжірибе алмасу емдеу жұмыстарына оң септігін тигізетініне сенім білдірді.
Айта кетсек, шымкенттік дәрігерлердің біліктілігін арттыру шаһар басшысының басты назарында. Мемлекет басшысы өз жолдауында да денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар жоба іске асатынын тілге тиек еткен. Мәселен медициналық материалдық азаны нығайтып, дәрігер біліктілігін арттыру шарасын күшейту де айтылған.

Previous Post

Әскери - патриоттық саптық оқу-дала жиыны өтті

Next Post

В Шымкенте появился новый сквер

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі