13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Әділетті мемлекет. біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдау тігіншілерге насихатталды

14 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Әділетті мемлекет. біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдау тігіншілерге насихатталды
Share on FacebookShare on Twitter

«Әділетті мемлекет. біртұтас ұлтШымкентте қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған насихаттық топ мүшелерінің қарапайым халықпен кездесулері жалғасуда. Бүгінгі жүздесу «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «АГФ групп өндірістік компаниясы» тігін фабрикасында өтті. Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Тахирбек Нышанбаев кәсіпорын ұжымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауындағы басым бағыттарды айта келе, ондағы тапсырмалардың орындалу барысын, Ата заңдағы өзгерістерді баяндады.

— Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген міндеттер айқындалды. Өз мамандығым дәрігер болғандықтан, денсаулық сақтау саласына қатысты жаңалықтарға ерекше назар аудардым. Отандық медицинаның орнықты дамып келе жатқанын Шымкент қаласынан-ақ байқауға болады. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалада 10 емхана халыққа қызмет көрсетсе, қазір емханалардың саны 42-ге жетіп отыр. Дәрігерлерге түсетін жүктеменің азаюы — медициналық қызметтің сапасының жақсаруына себеп болуда. Сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері медициналық қызметтің көптеген түрлерін тегін пайдаланып келеміз. Президент Жолдауда Үкіметке отандық медицинаны қаржыландыру жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде тапсырма берді. Бұл халықтың денсаулығын сақтауға оң ықпал ететіні сөзсіз, — деді Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Тахирбек Нышанбаев.

Кездесуде Шымкент университетінің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қуатбек Қалықұлов та қатысып, Жолдаудағы 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылатынын айтып, ел тағдырына қатысты саяси, экономикалық, әлеуметтік бастамаларға тоқталып, олардың жүзеге асқаны тұрғындардың тұрмысын жақсартатынын жеткізді.

Айта кетейік, Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан фабрика өз өнімдерін 2013 жылдан бастап экспорттай бастады. Тігін тігуде тәжірибесі әбден толысқан компания табиғи әрі жасанды емес маталармен күнделікті өмірде көп киілетін комбинезон, мектеп формасы, әскери киімдер мен халаттар тігеді. Жеңіл өнеркәсіп саласында өз орны бар Шымкенттік «АГФ Групп» тігін фабрикасында өндірілген өнімдерің 90 пайызы экспортқа шығарылады.

. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдау тігіншілерге насихатталды

Previous Post

Заң үстемдігі - Әділетті Қазақстанның негізі

Next Post

Шымкентте партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі