13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Заң үстемдігі — Әділетті Қазақстанның негізі

14 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Заң үстемдігі — Әділетті Қазақстанның негізі
Share on FacebookShare on Twitter

Тәуелсіз Қазақстанға қазіргі таңдағы аумалы-төкпелі заманда қадамын нық басуы үшін ішкі тұрақтылық аса маңызды. Сонда қоғамның дамуы өз деңгейінде болады. Бұл туралы қалалық қоғамдық штаб мүшелерінің сәулетшілермен кездесуінде айтылды.

Кездесуге Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты Еркін Сатқанбаев, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, құрметті депутат Хайрулла Сәрсенов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Сұлтанғали Қуандықов және сәулетшілер қатысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында да, оған дейінгі бастамаларында да күшті президент, ықпалды парламент, халық үніне құлақ асатын үкімет принципін негізге алып жүр. Биылғы жалпы халықтық референдумда да Ата заңымызға осы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ал 1 қыркүйектегі Жолдауда президенттің 7 жылдық мерзімге бір рет сайланатыны айтылып, заңмен бекітілді. Оның жауабы – әлемдегі геосаяси жағдайға қарсы тұру. Елдің тұрақтылығын сақтау. Себебі, бір рет сайланған президент 7 жылдық мерзім ішінде өзі бастаған өзгерістерді соңына дейін жеткізе алады. Ол үшін алдымен халықтың сенімі қажет, – деді Еркін Сатқанбаев.

Әділетті мемлекет құру үшін қоғамға қызмет ететін патриот ұрпақ тәриелеу керек деген мамандар, Әділетті Қазақстан – жаңа Қазақстан құру жолындағы өзгерістерді талқылады.Кездесуде Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауының 5 бағыты сөз болды. Соның ішіндегі Заң және тәртіп бөлігі бойынша жастарға бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Жиында жолдаудың жастарға қатысты айтылған тұстарына басымдық берілді. Атап айтқанда, қатысушыларға мемлекеттік қолдау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жұмыссыз жастарды еңбекке тарту бағытындағы тегін курстар туралы толыққанды ақпараттар ұсынылды.

– Мемлекет басшысының бастамасымен Әділетті Қазақстан құруға бет алдық. Ал ол үшін қоғамға, ең алдымен, заң үстемдігі орын алуы қажет. Қазақта «50 жылда ел жаңа, 100 жылда – қазан» деген қанатты сөз бар. Міне, елімізде де іргелі өзгерістер болуда. Алдағы уақытта да дамудың даңғыл жолын жалғастыру үшін елдегі тұрақтылық пен татулықты сақтап, дамытып отыруымыз қажет, – деді Икрамжан Хашимжанов та сөз алып.

Жиын соңы өзара пікір алмасуға ұласты.

Previous Post

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты байқау өтті

Next Post

«Әділетті мемлекет. біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдау тігіншілерге насихатталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі