13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты байқау өтті

14 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты байқау өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Республика күніне орай «Мемлекеттік тіл —тәуелсіздік символы» атты байқау өтті. Әл-Фараби атындағы ұлттық әмбебап кітапханасында өткен байқауды қалалық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Байқауға қаладағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасынан, әртүрлі этнос өкілдерінен құралған 12 жас қатысты. Олар байқаудың үш кезеңі бойынша бақтарын сынады: мемлекеттік тілде дайындалған видеоролик арқылы өз өзін таныстыру, тәуелсіздік туралы эссе жазып беру, мемлекеттік тілде сұрақтарға жауап беру.

Қатысушы студенттердің ұлты басқа болса да, оларды ұлы Абай мен заңғар жазушы Мұхтарға деген сүйіспеншілік біріктіре алды. Қазылар алқасының төрағасы «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Бақтияр Тайжан бастаған алқа мүшелері өзара ақылдасып, байқау қорытындысын шығарды.

Қалалық тіл байқауы үш кезеңнен тұрды. Үміткерлер 3 минуттық қысқа метражды фильм дайындап, онда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі туралы баяндаған. Екінші кезеңде қатысушылар арнайы ұяшық таңдап, берілген тақырыпта 3 минуттай қазақ тілінде ой толғады. Одан кейінгі кезеңде «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында эссе жазды.

Арзу Русланқызы болашақ балалар дәрігері. Ол байқау туралы университеттегі ұстазынан естіген. Қазақ тілін бала кезінен жетік білетін ол тіл сайысына қатысуға бірден келіскен. Арзудың айтуынша, қазақ тілін үйренемін деген адамға ең бірінші ниет керек.

Нәтижесінде өзін үш кезең бойынша жоғары деңгейде көрсете білген М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті Лэйла Рахматпури бас жүлдеге ие болды. Қазылар алқасы мемлекеттік тілге деген құрметті осындай байқаулар арқылы насихаттауға болатынын жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша қазақ тілін жетік білетін студенттер анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хат, грамота және арнайы сыйлықтар берілді. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында өткен шарада «Қазақ тілін білу – Қазақстандағы әрбір адамның азаматтық парызы» деп тарқасты.

Previous Post

Отандық өнімдер бәсекеге қабілетті болу керек

Next Post

Заң үстемдігі - Әділетті Қазақстанның негізі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі