13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҰСТАЗ ⁣⁣⠀

14 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҰСТАЗ ⁣⁣⠀
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында «Үміт» зағип жандарға арналған мектеп-интернат қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова, «AMANAT» партиясының фракция мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары Қайрат Сүлейменов, Альбина Балғабайқызы, Сұлтанғали Нұрлыбайұлы қатысты.⠀
Кездесуде «AMANAT» партиясының өкілдері Президент Жолдауында айтылған саяси реформаларды жүзеге асыруда тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
— Биыл білім саласына жаңа өзгерістер енгізілуде. Осыған байланысты қаламызда бірқатар шаруалар атқарылды. Қала бюджетінің 30% -дан астамы білім саласына бағытталып,167,8 млрд теңге бөлінді. Оқу жылының басынан 1-4 сынып оқушыларына 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылды. Оған 6 млрд жуық қаражат қаралса, 7 200 баланың жазғы демалыс лагерлеріне 300 млн. теңге бөлінді. Білім мен ғылымға салынған инвестиция ертеңгі ұрпақтың болашағына жол ашатынын ұмытпауымыз керек. Мұғалімдер білімді, ізденімпаз оқушыларды тәрбиелеп шығару олардың басты міндеті саналады,- деді Альбина Елшиева.
⁣⁣⠀
Сонымен қатар, Жолдаудағы саяси өзгерістер жайында Жанар Бектаева сөз алды.
⁣⁣⠀— Мемлекет басшысы ҚР Конституциясының 32 бабына өзгерістер енгізу туралы бастама көтеріп, ол жалпыхалықтық референдумда қолдау тапты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы биыл екі рет халыққа Жолдауын арнаса, бұл елімізде саяси-экономикалық өзгерістердің жүріп жатқанын білдіреді. Жолдаудың бағытымен дамудың жаңа жолымен жүріп өтуге мүмкіндік аламыз. Біздің елімізде ең алдымен адам құқығы қорғалуы тиіс. Бұл жөнінде яғни, адамдардың денсаулығы, тегін білім алуы, заң алдында өзінің құқығын қорғауы AMANAT партиясының тұғырнамасында айтылған, — деді Жанар⠀Әлібекқызы маңызды құжатқа кеңінен тоқталып.⁣⁣⠀
⁣⁣Елімізде қараша айында болатын кезектен тыс президенттік сайлауда әр азамат кімге дауыс берем десе де өз құқығы. Ең алдымен билікке келетін адамды дұрыс таңдасақ қана, мемлекеттің өркениетті, дамыған елдер қатарынан көрінетіні анық. Жиын соңында қатысушылар мен мектептің қызметкерлері өзара пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.
Previous Post

Шымкентте "Мың жүйрік" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Next Post

«Кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі