13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек»

14 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек»
Share on FacebookShare on Twitter

А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Ел болашағы – кітап оқитын ұлт» атты іс-шара өтті. ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шымкент қаласының жас жазушылары, әдебиет сүйер қауымымен жүздесіп, еркін форматта әңгімелесті.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» сыйлығының лауреаты М.Отарбаев қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
– Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың нақты мақсаты болуы тиіс. Жастар қазір кітаптан алыстап барады. Керісінше, біз кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек. Кітап оқыған жастар, азаматтар өз ұлтын сүйеді. Өмірге деген құштарлығы артады. Интеллектіміз өскенде біздің тұрмысымыз түзеліп, өндірісіміз де дамиды, – деді М.Отарбаев.

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Ғылымның қайнар бұлағы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Әлішер Науаи «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Денри Дидроның «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген сөзі бар. Толстой өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деп пікір білдірсе, Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп шегелейді.Қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру. Бұл міндет жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен он ұлттық жобаның бірі «Ұлттық рухани жаңғыруда» меже етіп қойылды.

Қоғамның кітапқа деген қызығушылығын оятуға іскер азаматтар да атсалысу керек. Бір данышпан адамзатты екі категорияға бөліпті. Жас болсын, кәрі болсын. Ер ме, мейлі әйел ме, айырмашылық жоқ. Кітап оқитын және кітап оқымайтын адамдар деп бөлген. Сонда қарап отырсақ, кітап оқитын адамдар зерек, алғыр келеді. Жұмысында табысты болады. Табысты адам – бақытты. Егер біздің әлемде кітап оқитын адамдар көбейсе, әлем бақытты болады. Бақытты адамдар бейбітшіл келеді,- деді жиынға қатысушылар.
Еркін форматта өткен кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. Зиялы қауым өкілдері, жас оқырмандар әдебиетті дамыту мәселелері, кітап оқуға қызықтыру, кітапты жарнамалау бойынша өз сауалдарын қойды.

Previous Post

ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҰСТАЗ ⁣⁣⠀

Next Post

Дәрігерлер ангиография көмегімен 52 жастағы науқасты аман алып қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі