13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Мың жүйрік» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

14 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Мың жүйрік» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Мың жүйрік» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Онлайн түрде өткен байқауға этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді еркін меңгерген балалары қатысты.
Республиканың барлық өңірлерінен 5-12 жас аралығындағы 531 бала өтініш берген. Қатысушылар 4 бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда байқау «Ертегі әлеміне саяхат», «Тұлғалар тағылымы», «Мен ұнататын мамандық» және «Туған өлкеге тағзым» тақырыптары бойынша өтті. Қазылар алқасы балалардың жұмыстарын қарап шығып, үздік 10 оқушыны жеңімпаз деп таныған.
–«Мың жүйрік» республикалық байқауын осымен екінші рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл байқаудың мақсаты Мемлекет басшысының қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету жөніндегі тапсырмасымен үндесіп, үйлесіп жатыр. Мемлекеттік тілді білу – баршаға міндет. Тілдің маңызын арттырып қана қоймай, оны өскелең ұрпақтың бойына дарытуға әрқайсымыз атсалысуымыз керек. Бұл – ортақ міндетіміз. Бала жастан тілді үйретудің де маңызы жоғары, — деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов.
Мұратжан Шотанов республиканың әртүрлі өңірлерінен келген байқау жеңімпаздарын марапаттап, оларға арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.
Марапаттау рәсімінде қазылар алқасының мүшесі Зәуре Оралбаева мен Шымкент қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Икрамжан Хашимжанов сөз сөйлеп, жеңімпаз атанған оқушыларды құттықтады.
Айта кетейік, 2021 жылы өткен байқауға қазақ тілін меңгеруге арналған ағартушылық жобаға республика аумағында тұратын 300-ге жуық этнос балалары қатысып, ережеде көрсетілген талаптарға сай 4 бағыт бойынша өз өнерлерін бейнеролик арқылы ұсынды. Олардың ішінен ережеге сәйкес, 10 бала таңдалды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табысталды.

Previous Post

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

Next Post

ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҰСТАЗ ⁣⁣⠀

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі