13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

14 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жекеменшік мектеп салудан Түркістан облысындағы Сайрам ауданы көш бастап тұр. Ақсукент ауылында бүгін 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл – бір ғана Сайрам ауданында жеке кәсіпкерлер тарапынан 7 айда салынған 7-ші мектеп. Бұдан бөлек, Манкент ауылында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы сайрамдықтармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.

Айқындаған міндеттер мен жоспарларды баяндаған облыс басшысы «Мемлекет басшысы жүктеген жауапкершіліктерді сезініп, барлық бастамаларды лайықты жүзеге асыруға міндеттіміз», деді. Тұрғындар көтерген ұсыныстардың орындалу барысын баяндады. Олар кезең-кезеңімен шешімін табуда.

– Түркістан облысындағы ең ірі аудандардың бірі Сайрамның әлеуметтік — экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Ауылдарды дамытуға басты басымдық беріледі. Жаңа ғана мен ауданда салынған жаңа мектептің ашылуында болдым. Жекеменшік мектеп салудан Сайрам көш бастап тұр. Бұл – үлгілі іс. Мектеп тапшылығын шешу үшін биыл облыста 59 жаңа мектеп салынып жатыр. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы 86 мектеп салынады. Онда 60 мың бала білім алатын болады. Бұдан бөлек, Манкент елді мекенінде, Ақсу, Ақбұлақ ауылдарында 3 жаңа 600 орындық мектептердің құрылысы жоспарлануда, – деді облыс басшысы есептік кездесуінде.

Аудандағы «Ақсу-Манкент-Жібек-Жолы» автомобиль жолдарына жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйелері жаңартылады. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл Сайрам ауданындағы 7 елді мекенде жалпы құны 1,1 млрд. теңге құрайтын 7 жоба іске асырылуда. Инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту үшін ауданда 7 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Аудан тұрғындарының 220 мыңнан астамы ауыз сумен қамтылса, ал 80%-ға жуығы табиғи газбен қамтылған. Алты ауылда орталықтандырылған газбен қамту бойынша жалпы құны 5,1 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба жоба жүзеге асырылуда.

Аудандық маңызы бар 6 жолды және 2 көпірді күрделі жөндеу жұмыстарына 2,4 млрд. теңге бөлінді. Биыл ауданда мемлекеттік қолдауымен 4 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар ары қарай да жалғасын табады.

Сайрамдықтармен еркін пікір алмасып, өтініштер мен сұрақтарға жауап берген облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық мәселенің заң аясында жүзеге асатынын атап өтті. Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі жеке кәсіпкер Н.Сулайманов салған 1200 орындық мектептің ашылуына қатысты. Инвестор Сайрамда бір жылда 7 мектеп салған. Тағы алты мектеп құрылысын бастауға дайын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан ашылған білім ұясымен танысып, мектеп алдына ағаш отырғызды.

Облыс басшысы сүт өнімдерін өндіретін «Aykan» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорында сүт сарысуынан өндірісте қолданатын ұнтақ шығаратын жаңа технология іске қосылды. Бұл – Қазақстанда баламасы жоқ қалдықсыз өндіріс.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен танысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданның шаруаларымен жүздесті. Диқандар жылына бірнеше өнім алудың сырымен бөлісіп, мемлекет тарапынан берілетін көмектің артқанына алғыстарын айтты. Ауданда өндірілетін өнімдердің көрмесіне қатысқан облыс әкімі мемлекеттік грант алып, кәсібін бастаған азаматтармен кездесті.

Аймақ басшысы сондай-ақ 10 мыңнан астам мал басына арналған мал бордақылайтын ферма мен ет өңдейтін цехта болды. 56 гектар жерде орналасқан өндіріс орны жылына 5 мың тонна ет өндіреді. 1 мың тоннаға жуық ет көрші елдерге эскпортталады. Бүгін мұнда Түркиядан арнайы алдырылған жаңа технология іске қосылды.

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ІШІНДЕ 8 КАНДИДАТ ҚАНА ТАЛАПҚА САЙ

Next Post

Шымкентте "Мың жүйрік" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі