13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ұлт саулығына үлес қосатын жоба қатары артуда

13 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ұлт саулығына үлес қосатын жоба қатары артуда
36
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы тапсырмасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің аулалары жаңа кейіпке еніп, күн сайын абаттандырылған аулалар мен балалар ойын алаңшаларының саны артып келеді. Тіпті ширек ғасырға жуық ауласы абаттандырылмаған көпқабатты үйлердің тұрғындары қала әкімдігіне алғыстарын жаудырып отыр.
Шымкентте заманауи үлгідегі спорт және балалар ойын алаңшасы салынып, ескілері қайтадан жаңғыртылуда. Қала басшысы Әл – Фараби ауданына қарасты Түркістан көшесін бойлай орналасқан көп қабатты үйлер көп. Осы үйлердің аулаларына жаттығу элементтері мен балаларға арналған ойын алаңдары салынып, ел игілігіне берілгеніне де біраз уақыт өтті.

Әл-Фараби алаңы және Түркістан көшесіндегі көп қабатты үй ауласындағы спорт алаңшасын жөндеу жұмыстары жоғары деңгейде орындалған. Сапалы құрылыс материалдарымен салынған жұмысқа тұрғындар дән риза. Әрі ойын алаңшасындағы ойын элементтері де балалардың көңілінен шыққан. Бұқаралық спортты дамыту да бүгінде қала басшысының басты назарында тұр. Бұқаралық спортты дамытумен ұлт саулығын нығайта түсері анық. Ол үшін баралдағы уақытта аулалар дамытыла бермек.
Аулаларда түрлі жастағы балаларға лайықты ойын элементтерімен қоса шағын футбол алаңшасы да ашылды. Бұл өз кезегінде балалардың арнайы жаттығу залдарына барып, қаржы шығындауына жол бермейді. Бұған тұрғындар бек қуанышты. Өз аулаларының таза болып, абаттандырылығанына алғыстарын жаудырып отыр.

Алдағы уақытта Шымкент қаласында ауласы абаттандырылмаған тұрғын үйлер саны кемімек. Одан бөлек, шалғай шетте орналасқан шағынаудандарға дейін ойын алаңшалары орнатылуда.
Айта кетейік, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшалары «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде орнатылуда.

Previous Post

Өрт сөндірушілер қызмет барысында қаза тапқан әріптестерін еске алды

Next Post

Шымкентте мемлекеттік бағдарламаға өз үлесін қосуға ниетті жастар қатары артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі